Сабақтың тақырыбы: Қол тігістерінің терминологиясы мен түрлері. Сабақтың мақсаты



бет3/5
Дата24.05.2022
өлшемі0,88 Mb.
#35550
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
00060abb-15ff0d75

Термин

Жұмыстың мазмұны

Қолдану орны



Көутеу

Көлемдері бірдей бір немесе бірнеше бөлшекті уақытша біріктіріп тұрады.

Белдікті, желбіршектерді,иық , бүйір тігістерді уақытша біріктіру үшін қолданылады.

Бүгіп көктеу

Бөлшектердің қайтарылған шеті мен қатпарларды уақытша біріктіріп тұрады.

Бұйымның етегі мен жеңдерде, қатпарларды ұстатқанда қолданылады.

Көктеп тігу

Бірінің үстіне бірі тұрған екі бөлшекті уақытша көктеп тігу.

Қалтаны негізгі бөлшекке жапсырып тігуге қолданады.

Бастыра көктеу

Бөлшектердің қайтарылған шетін бастыра көктеу.

Жаға, манжеттерді тігуге қолданады.

Көмкеру

Бөлшектердің шетін көмкеру тігісімен тігу.

Шет тігістерді сетінемес үшін қолданады.

Қадау

Сәнді, әшекейлі фурнитураларды бұйымға қадау.

Түймені, ілгекті бұйымға қадағанда қолданады.



Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Жұмыс орны жарық болу керек, жарық сол жақтан түсу керек.


Бұйым мен көз арасындағы ара-қашықтығы 30см болу керек.
Орындықта түзу, арқа орындықтың арқалығына тиіп тұруы керек.
Аяқтарың еденге тіреліп, табандарың жайлы жату керек, басқа жағдайда қан айналым бұзылады.
Денені түзу ұстап, кішкене ғана алға қарай иілу керек.
Бас кішкене ғана алға иілукерек.
Үселге кеудеңмен сүйенуге болмайды.
Қолдарың денеңнен 10см шамасында арақашықтықта болсын.
Жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымдарды, құрал-саймандар мен құрылғы аспаптарды арнаулы орындарына жиыстырып қой.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет