1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
Сабақтың мақсаты
Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.
Өсімдіктің даму ретін белгілеп көрсете алады
Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасап, зерттей алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
«Кел ойланайық» «Ашық микрофон» әдісі бойынша мұғалім сұрақтар қояды:
Табиғат дегенімізне?
Табиғат нешеге бөлінеді, түрлерін ата.
Жанды табиғатқа нелер жатады?
Жансыз табиғатқа нелер жатады?
Өсімдік дегеніміз не?
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі.
Оқулықпен жұмыс
Суреттен нелерді көріп тұрсың?
Оларды қалай топтауға болады? Оқулықтағы ағаш, бұта, шөптесін өсімдік суреттерін бақылау, бір- бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау мақсатында жұмыс жүргізіледі.
«Салыстырайық» Суреттегі өсімдік түрлерін мына ерекшеліктер арқылы салыстырады: діңі, бұтағы, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі. Гүлдің сабағының әлсіз екендігіне, ағаш діңінің жуан болатынына назар аударады. Үш түрлі өсімдік тобындағы ұқсастықтарды анықтайды: тамыры болады, өседі, бүршік жарады, жапырақ шығады, ауаны тазартады. Олардың өсуіне жарық, жылу, топырақ, ауақажет.
Оқулық
Сабақтың ортасы
«Тыңдайық» Оқулықпен жұмыс Өсімдік үш түрлі қарапайым топқа бөлінеді. Олар: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Ағаш
– бір ғана діңі бар көпжылдық өсімдік.
Ал бұта – бірнеше сабағы бар көпжылдық өсімдік.
Бұталарда дің болмайды. Бұталар ағаштарға қарағанда аласа болады. Шөптесін өсімдіктер – жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін
Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.
Түсіндірме кезінде өздерінің ой қорытындыларын қосып айтады.
өсімдіктердің жерүсті бөлігі қурап қалады.
Өсімдіктер жабайы және мәдени болып екіге бөлінеді. Адам өсіретін өсімдіктермәдени өсімдіктер деп аталады. Адам мәдени өсімдіктерге күтім жасайды. Оның жемісін тағам ретінде пайдаланады. Мәдени өсімдіктерге жемістер, көгөністер, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер жатады.
Адам күтім жасамайтын өсімдіктер жабайы өсімдіктер деп аталады. Олар далада, шалғында, орманда өседі.
«Анықтайық» – Суретке назар аудар. Өсімдіктің бөліктерін ата. Тамыр қандай қызмет атқарады деп ойлайсың? Сабағы ше?
Анықтау жұмысын жүргізеді.
Сурет бойынша өсімдіктің бөліктерін атайды. Тамырдың қызметі туралы ойланып, өз болжамдарымен бөліседі. Сабақтың маңыздылығы туралы айтады.
Венн диаграммасы бойынша сыныптағы гүл мен партаны салыстырады.
ҚБ: мұғалімнің
«Жарайсың», «Керемет»,
«Жақсы» деген қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.