Сабақтың тақырыбы: Процессорды жаңғырту. Жүйелік тақшаны таңдау Модуль/пән атауы
оқу жоспары 7
Процессорды жаңғырту. Жүйелік тақшаны таңдау Жүйелік тақшаны таңдау Жүйелік тақша (system board) компьютердің маңызды құраушыларының бірі, кейде аналық (motherboard), негізгі немесе бас тақша (main board) деп те аталады. Бұл компьютердің ішкі байланысын және басқа да бөліктерін басқарады. Оның сапасына, функционалдығына және жылдам әрекетіне тікелей барлық жүйенің тұрақтылығы мен жылдамдығы тәуелді. Онда келесі құрылғылар орналасады: · процессор; · шина; · жедел жады; · тұрақты жады; · слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар). Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадымен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер, адрестік және командалық шинасы. Жүйелік тақшаларды өңдеу кезінде есепке алынатын бірқатар көп таралған форм-факторлар бар. Форм-фактор (form factor) тақшаның физикалық параметрімен орнатуға келетін қораптың түрін білдіреді. Ең танымал жүйелік тақшалардың форм-факторлары: · ATX – mini-tower және full-tower қораптарға келетін стандартты қазіргі заманға лайық компьютерлер; · mini-ATX – ATX-тің кішірейтілген нұсқауы; · micro-ATX – desktop немесе mini-tower қораптарға келетін орта деңгейдегі компьютерлер; · flex-ATX – қымбат емес немесе өнімділігі төмен desktop немесе mini-tower қораптарға келетін компьютерлер; · NLX - desktop немесе mini-tower қораптарға келетін бірлескен жүйелер. Жүйелік логика. Жүйелік логика (чипсет) – тақшаның негізгі құраушысы, ол оның жұмыс жасауына, сонымен қатар барлық компьютердің жұмыс жасауына жауап береді. Ол кішкене мөлшерге ие және әдетте бірнеше микросхемалардан тұрады. Ережеге сай, чипсет «көпірлік» архитектурасын ұсынады, яғни екі көпірден тұрады - солтүстік және оңтүстік, олардың әрбіреуі үшін өзінің бөлек микросхемасы жауап береді (немесе бірнеше микросхемалар). Ағытпалар Олар шлейфтерді және қоректену баусымдарын қосу үшін қажет, мысалы, желдеткіштерді. Түрлеріне және қолдануларына байланысты олардың әртүрлі формалары болады. Жүйелік тақшада желдеткіштерге, IDE немесе SCSI және т.б. құрылғыларға, сонымен қатар жүйелік тақшаның қоректенуіне арналған ағытпалар болады. жүктеу/скачать 43,58 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |