Анаксагор(б.з.б. 500–428 ж.ж.) дүние түрлі сансыз бөлшектерден тұрады деп санады. Олардың қозғалысы ақылмен реттеледі. Ақыл термині (“нус”) табиғат және адам мінез-құлқы үрдістерінің тәртібі мен заңдылықтарын сипаттайтын ежелгі гректік философиясының басты категориясы болды.
Гиппократ (шамамен б.з.б. 460–377 ж.ж.) есімімен темперамент және оның түрлері туралы ілімді байланыстырады. Гиппократтың ойынша, организмдегі темпераменттердің әр түрлілігі төрт түрлі сұйық заттардың (қан, шырын, сары өт және қара өт) бір-бірінен аз-көптігіне байланысты. Мәселен, организмде қан пропорциясы басым болса, ол сангвиникалық, ал шырын басым болса, флегматик, ал, қара өт басым болса меланхолик, сары өт басым болса, холерик темпераменті деп аталған
Психология объектісі және пәні. Психология адамның саналы және санадан тыс субъективті (жан дүниесінің) құбылыстарын, процестері мен жай-күйлері әлемін зерттейді.
Қазіргі психологияда психологиялық танымның объектісі адам психикасы, яғни көптеген субъективті құбылыстардан тұратын психологиялық процестер, қасиеттер мен жай-күйлерінің жиынтығы болып табылады. Олар:
а) когнитивті (танымдық процестер): түйсіну, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау және сөйлеу; Адам бұл процестер көмегімен қоршаған орта мен ішкі дүниесін таниды.
ә) Адамның психикалық өмірінде эмоциялық құбылыстар маңызды рөл атқарады. Олар арқылы адам сыртқы және ішкі ортада өтетін заттар мен құбылыстарға өз қатынасын білдіреді.
Психологияның негізгі міндеті:
психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу;
психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;
психикалық құбылыстардың қалыптасу мен даму барысын талдау;
Міндеттерді талқылау.
-Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі- зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін бірІкітіріп, байланыстыру.
Психологияның негізгі міндеті -психикалық іс-әрекет заңдылықтарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объектив дүниенің адам миында қалай бейнелейтіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тэуелділігін тануға бағытталуы тиіс.
Тарих, экономика, этнография, социология, өнертану, заң және т.б зерттеулеріндегі проблемалар эрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке және ұжымдық әрекеттерінің механизмі, әрекет, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап стереотиптерінің қалыптасу заңдылықтары жөніндегі білімдерді пайдаланбай, кейіп, сезім, психикалық климатты танып білмей, жеке адамның ерекшеліктері мен психологиялық қасиеттерін, қабілетін, сезімін, мінезін, адам аралық қатынастарын зерттемей, әлеуметтік процесстер мен құбылыстардың мэыі толық ашылмайды.Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Педагогиканың барша салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағына-маңызға ие.
Сонымен, әдіс сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тэжірибелік және теориялық түрғыдан иғерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Бақылау - деректі суреттеп баяндаудан оның ішкі мэнін түсіндіру үшін қажет.
Бақылау эдісінің неғізгі тиімділіғі - психикалық үрдістерді табиғи жағдайларда зерттеу.
Сырттай бақылау - әлеуметтік-психологиялық кұбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей -ақ зерттеп, мәлеметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция)- адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішік жан дүниелік үрдістерін тану.
Эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушіиің сыналушы адамның не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.
Лабораториялық эксперимент - арнайы жағдайларда жүрғізіледі, арнайы қүралдар пайдаланылады, сыналушының эрекеттері нұсқаулармен белгіленеді. Эсперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті психикалық құбылыстар-дың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Табиғи эксперименш - еңбек, оқу қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі - адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп анықтау.
Психояогиялық тест ~ сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі.
Құжаттарды талдау эдісі - адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық эдістердің бір турі. Ол сапалық және сандық болып бөлінеді. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндіқ ақпарат сандық көрсеткіштерге келітіріліп кейін математика-статистикалық өндеуге түседі. Басқаша контент- талдау.
Сауланма әдісі - әлеуметтік - психолоғиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оиың мәні - объектив не субъектив деректер жөніыде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Социаметрия - элеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі - бірлікті іс-әрекетке не оқиға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың эр бір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бүл әдіс нэтижелері топтағы қатынастар құрылымның графикпен бейнелейтін социаметриялық кесте, социаграмма, сондай -ақ топтағы психологиялқы қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социаметриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.