Сабақтың тақырыбы: Робо т тың қозғалысы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата11.04.2022
өлшемі0,66 Mb.
#30563
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: "Тағам және сусындар", "Дені саудың – жаны сау")

Педагогтың аты-жөні







Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Роботтың қозғалысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Роботтың жұмыс істеу принципін түсінеді;

Көптеген оқушылар:

Роботтың программалық блоктарын біледі, программа құрастыру барысында қолдана алады;

Кейбір оқушылар:

Роботтың қозғалу программасын құрастырады;


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Сыныпта жағымды ахуал орнату. "Жылы лебіз" әдісі арқылы үш тілде сабақ барысына, оқушыларға жылы лебіз білдіру.



1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.


Ауызша бағалау

Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы

3 мин

20 мин

"Сұрақ-жауап" әдісімен өткенді қайталау:

Өткен тақырыптар интерактивтік тақта да көрсетілген цифрлы ұяшықтарда жасырулы тұр. Цифрлы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.



  1. Робот дегеніміз не?

  2. Роботтар датчиктерін атаңыз.

  3. Гироскопиялық датчик қандай құрылғы?

  4. Алгоритм дегеніміз не?

  5. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

  6. Суретте көрсетілген блок атауын және сол блоктың режимдерін атаңыз.



  1. Суретте көрсетілген блок атауын және сол блоктың режимдерін атаңыз.



Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Түс датчигінің қызметін еске түсіру

"Түсті анықтау" программалық блок құрастыру алгоритмін қарастыру

1. Старт блогы на Күту блогын жалғаймыз.

2. Датчиктен мәліметтер алу үшін оның режимін ауыстырамыз: Түс датчигі ⇒ Салыстыру ⇒ Түс (2) көк.

3. Күту блогына Дыбыс блогын қосамызда, файл атауын Blue деп өзгертеміз.

4. Дыбыс блогына Рульдік басқару блогын жалғаймыз.

5. Рульдік басқару блогын жалғап, Қосу (Включить на количество оборотов) режимін

таңдаймыз. Рульдік басқару күйін (25)-ге келтіреміз.



7. Программаны роботқа жүктейміз.



Тапсырма №1

  1. Робот жасыл түсті анықтаса, алдыға бір қадам жасап (бір айналып) және «Green» деп айтатын программа кодын жасау керек. Программа кодында не өзгереді? Қандай блоктар қажет болады.

  2. Робот осы командаларды үздіксіз орындайтын программа кодын жасау керек. Қандай блок қажет?


Тапсырма №1 жауаптары

1) программалық блок



2) программалық блок





Дескриторы:

- түс датчигі орнатылған программалық блокты құрастырады;

- программалық блоктарды атайды және түсіндіреді;

- деңгейлі прогрммалық блоктарды құрастырады;


ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады
Бір түс датчигінің көмегімен жүретін EV3 роботының 58, ә-суреттегідей қозғалысының қарапайым алгоритмін қарастырайық.

Робот сызық бойында түп-түзу болып қозғалмайды, тек сызық бойымен алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қозғалыс жасай отырып, біртіндеп алға қарай жылжиды.



Алгоритм өте қарапайым: егер түс датчигі қара түсті көрсе, онда робот бір бағытта, ал ақ түсті көріп қалса, екінші бағытта айналады (59-сурет).


Көрсетілім. Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасы.

Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексереміз. Программа құрудағы қателер робот арқылы тексеріп, тестіленгенде тез анықталады. Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өтетінін есептейміз.



Жеке жұмыс

Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастыру.



Бір түс датчигі орнатылған роботтың программалық блогы

  1. Программалық блокта қолданылған жалпы блок саны

  2. Қолданылған блоктарды көрсетіңіз. Дұрыс жауапқа + қойыңыз.

    Ультрадыбыс блогы

    Ауыстырып-қосқыш блогы

    Цикл блогы

    Рульдік басқару блогы

    Мәтін блогы

    Түс датчигі блогы



















  3. Блоктарға орнатылған режимдерді көрсетіңіз. Дұрыс жауапқа + қойыңыз.

Түс режимі

Включить режимі

Выключить режимі

Гироскопиялық режим

Күту режимі

















Дескриптор:

-бір түс датчигі бар роботтардың программасын құрастырады;

- программалық блоктарды атайды және түсіндіреді;
ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады
Роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (түс) және Яркость отараженного цвета режімдерін пайдаланып қара сызықытың бойымен қозғалады.
Роботқа екі түс датчигін орнатамыз. Робот Цвет (түс) және Яркость отараженного цвета режімдерін пайдаланып қара сызықытың бойымен қозғалады.

Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалуы алгоритмі:



  • Егер роботтың екі түс датчигі де ақ алаңды көрсе, онда робот алға қозғалады. Еер түс датчиктерінің бірі ақ, екіншісі қараны көрсе, онда ол аққа бұрылады.

  • Егер екі түс датчигі қара сызықты көрсе, онда робот «қиылыста тұрмын» деп есептейді.



Көрсетілім. Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасы.

Программаны құрастырып болған соң, роботқа жүктеп тексереміз. Программа құрудағы қателер робот арқылы тексеріп, тестіленгенде тез анықталады.Роботты іске қосып, оның қара сызық сызылған алаңнан қанша уақытта өтетінін есептейміз.


Жеке жұмыс. «Талдау» әдісі

Екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастыру. «Талдау» әдісі бойынша құрастырылған программалық блоктарды талдау


Дескриптор:

-екі түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалу программасын құрастырады, тексереді.

- программалық блоктарды атайды және түсіндіреді;
ҚБ: "Робот" өзін-өзі бағалау парағының тиісті бөлігі боялады


Сұрақтарды тыңдайды, жауап береді

1-тапсырманы орындайды

Программалық блоктарды атайды, құрастырады

2-тапсырманы орындайды. Программалық блокты атайды, құрастырады

3-тапсырманы орындайды. Программалық блокты құрастырады, талдайды


Ауызша бағалау

"Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы робот кеудесін бояйды

Ауызша бағалау

"Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың басы мен қолын бояйды

Ауызша бағалау

"Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың аяғын бояйды

Ауызша бағалау

"Робот" өзін-өзі бағалау парағы. Бағалау парағындағы роботтың басы мен қолын бояйды



Интербелсенді тақта

Компьютер


Презентация
Таратпа материал

Сабақтың соңы

3-4 мин

Рефлексия: тақырып бойынша жинақтаған білімдеріне талдау жасайды.












Үй тапсырмасы

1 мин

«Үй тапсырмасы»

Бір түс датчигі бар роботтың сызық бойымен қозғалысы кезінде оның алдына кедергі қойылды (сурет). Робот кедергіні айналып өтіп, қайтадан қара сызықтың бойымен қозғалуы үшін суретте берілген программаны қалай өзгертуге болады? Қосымша қандай датчик қойылуы керек? Мәселені шешудің жазбаша алгоритмін дайында.















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет