Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
11-тапсырманы орындатады.
Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді
|
Жазылым. Шығарманың сюжетін өз көзқарастарының тұрғысынан дамытып жазады. Сұрақтарға жауап берді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Шығарманың сюжетін өз көзқарастарының тұрғысынан дамытып жазады. Сұрақтарға жауап берді.
-Топта жұмыс жасайды.
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері.
|
|
12-тапсырма. «Жусан иісі» повесі мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін салыстырыңдар.. Пікірталастырады.
|
Айтылым. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарытуралы өз ойларын еркін айтады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарытуралы өз ойларын еркін айтады.
|
6-сынып оқулығы
Жұмыс дәптерлері
|
|
13-тапсырма. «Арман болған ақ боз ат» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
|
Жазылым.
Эсседе өз армандарың туралыда жазады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады
|
|