Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.М.Шетеева
Сабақтың тақырыбы:3. О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»,Әңгімеден үзінді. Кейіпкерлер бейнесі
Бөлім:
3 – бөлім Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Педагогтің аты-жөні:
С.О. Байканова
Күні:
23.02.2023ж
Сыныбы:6 Әдебиет
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат»,Әңгімеден үзінді. Кейіпкерлер бейнесі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;
Сабақтың мақсаты:
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттай алады. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жаза алады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл»әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Айтылым. Әңгіме тақырыбын ашуда осы эпизодтың маңызы қандай?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
36 мин.
8-тапсырма.
Автор бейнесін білдіретін сөздерді табыңдар. Автор нешінші жақтан сөйлейді? Не себепті?
Жазылым. Мұғалімнің көмегімен сөздердің магынасын аныктап, сұрақтарға жауап береді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады