Технологиялық талаптар: Педагог өзі сабақ беретін тобындағы тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін, есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық қабілеттерін біліп, ескеруі қажет. Тәрбиеленуші мен педагогтың психологиялық жағдайы сабақ үрдісінде ерекше әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоциялық көңіл-күйлеріне ерік бермей өзін тежеп ұстауы қажет. Тәрбиеленушінің жеке басын танып, зерттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеру мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.