Сабақтың негізгі компоненттері:
1. Ұйымдастырушылық – сабақ бойы топты ұйымдастыру, балалардың сабаққа дайындығы, тәртіп.
2. Мақсаттылық – балалар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.
3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалдарының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңызылығын анықтау.
4. Коммуникативтілік – тәрбиеші топпен қарым-қатынас деңгейі.
5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.
6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.
7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы баланың іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.
8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.
Міне, мектепке дейінгі мекемедегі өткізілетін сабақ туралы теориялық мәлімет алдық. Сіздердің ойларыңызша бұл мақаланы журналдың қай рубрикасына тіркеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |