Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



бет26/43
Дата13.06.2023
өлшемі140,3 Kb.
#101084
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
Сабақ жоспары астана колледж

әлеуметтік статика(өмір сүріп отырған қоғам құрылымдары өзгеріссіз, тұрақты) және
әлеуметтік динамика . Әлеуметтік статика қоғамдық құрылым, оны ұйымдастыру мен
үйлесімділігі туралы теория. Қоғам О.К пікірінше әртүрлі өзара байланысты бөліктердің
бірлігінен тұратын органикалық тұтастық. Қоғамдық прогресс туралы позитивтік теорияны
О.Конт әлеуметтік динамика деп атады. Жалпы адамзат зердесінің позитивтік дамуы дегеніміз-
адамдардың әлеуметтік танымы мен әлеуметтік басқару ғылымдарының жетілуі .
О.Конт тарихи дамудың 3 сатысы заңын қалыптастырды. Олар:теологиялық, метафизикалық,
позитивтік сатылар. О.Конт теологиялық кезеңді (ХІІІғ дейін)қоғам дамуындағы анықтаушы
кезең деп есептейді. Бұл кезеңде адамзат ойлауында дін үстемдік етті және адамзат ақыл-ойы
жаратылыстың басталуын діни тұрғыда түсінуге ұмтылды.
Ал метафизикалық кезеңде (ХІV-XVғ)қоғамда белгісіз абстрактілі түсініктер, метафизикалық
концепциялар үстемдік етті. Позитивтік кезеңге ХІХ ғ. Басталатын дәуір сәйкес келеді, яғни бұл
тұсқа ірі өнеркәсіптің, ғылымның келуі, қоғам дамуында қондырмалық ғылымға сүйену,
социологияға сүйену дәуірі сәйкес келеді.


2. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. ХІХ ғ. Ғалым-философы Г.Спенсер(1820-1903) социологияның қалыптасып-дамуында маңызды роль атқарады. Спенсердің социологиялық теориясы негізгі 2 ұстанымның негізінде қарастырылған: қоғамды организм ретінде түсіну және әлеуметтік эволюция идеясы. Қоғам дегеніміз, организ,-деп көрсете отырып, Спенсер биологиялық және әлеуметтік организмдер арасындағы ерекшеліктерді анықтайды. Спенсердің айтуынша әлеуметтік организм негізгі 3 жүйеден тұрады:”реттеуші”, “өмірге қажетті құралдарды өндіруші” және “бөлуші”.
Спенсер социология тарихында алғаш болып “жүйе”, “функция”, “құрылым” т.б
түсініктерді тұрақты қолдана бастады. Спенсер қоғамды 2 типке бөледі: әскери және
өнеркәсіптік. Олардың өмір сүруге деген күресі әртүрлі. Қоғамның бірінші типі әскери
шиеленістергі, атыс-шабысқа және жеңілгендерді езіп-жаншуға толы. Ал екінші типі
өнеркәсіптік бақталастыққа негізделген. Бұл жерде интеллектуалдық және моральдық сапаның
және жұмысқа деген қабілеттілік пен ынтаның қарқыны жоғары. Күрестің бұл түрі қоғамға өте
пайдалы болып есептеледі. Бұның нәтижесінде қоғамның интеллектуалдық және моральдық
деңгейі жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет