Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты


III.Жаңа сабақты баяндау (сабақ жүргізу түрі)



бет29/43
Дата13.06.2023
өлшемі140,3 Kb.
#101084
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Сабақ жоспары астана колледж

III.Жаңа сабақты баяндау (сабақ жүргізу түрі)

  1. инут

Жаңа сабақ жоспары:
1 . Индивид, тұлға, адам
2. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі ретінде
3. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы
4. Жеке тұлғаның статустары мен ролдері
Лекцияның мақсаты: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары, индивид, тұлға, адам,тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы және жеке тұлғаның статустары мен ролдері жөнінде түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Индивид, тұлға, адам. Адам, индивид, жеке тұлға - өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір – бірінен бөліп қарастырады. « Адам » деген термин - жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысы , қоғамдық тарихи және ----------- субьект. Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді әлеуметтік қасиеттері - оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың өзін « дүниеге әкелуші ». Ал индивид дегеніміз - қоғамның жеке бір мүшесі, яғни жеке адам.
Жеке тұлға дегеніміз - өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама – қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірбие барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады. Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар орның әлеуметтік тәжірбиелерін де ескеруіміз қажет.
Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірбиелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді. Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда, әлеуметтік институттарда, мәдениетте,яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен қарым – қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі балық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамда өсетін әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда, яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудағы индивидуалды өмір қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды білдіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет