VI. Сабақты қорытындылау:(білімгерлердің сабақ барысында алған білімдерін қорытындылау және бағалау)
5 минут
Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады
VII.Үй тапсырмасы.
10 минут
дәрісті оқу және глоссарий
Әлеуметтану бойынша глоссарий Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.
Азаматтық қоғам – саяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Аккультурация — әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Аксиология – (гректің «axia” «құндылық», «logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.
Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.