Сабақтың тақырыбы Сапалық және сандық есептер шығару. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу



бет3/5
Дата19.05.2023
өлшемі75,42 Kb.
#95306
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
atmosfera

Сабақтың ортасы

15мин



Есептер шығару.
Енді өткен тақырып бойынша және жоғарыда көрсетілген мәліметтерді негізге ала отырып атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығарайық:
Мәліметтер:
1. Мәскеудегі Останкино телемұнарасының биіктігі – 540м.
2. Берлиндегі телемұнара биіктігі – 361, 5м.
3. Париждегі Эйфель мұнарасының биіктігі – 305м.
4. Мәскеу университетінің ғимаратының биіктігі – 240м.
5. Мәскеудегі Шуховский радиомұнарасының биіктігі – 162м.
6. Италиядағы Пизе мұнарасының биіктігі – 54, 5м.
«Кім жылдам» әдісі. Әр топқа 4 есеп беріледі. Әр есепке топтан 1 оқушы шығады. Қай топ бірінші болады ,сол топтың оқушылары алтын медальмен,екінші болған топ күміс медальмен,ал үшінші топ болат медальмен марапатталады.
1-топ.
Есеп №1. Останкино теле мұнарасының биіктігі 540м. Етегіндегі атмосфералық қысым қалыпты болғандағы оның шыңындағы барометрдің көрсеткіші қандай болады? (Жауабы: 711 мм. сын. бағ.)
Есеп №2. Қалыпты жағдайдағы Берлин мұнарасының шыңындағы барометрдің көрсеткіші 727мм. сын. бағ.- на тең болса, онда оның биіктігі қандай? (Жауабы: ~363м)
Есеп №3. Суретке қарап Астана қаласындағы биіктігі 97метр «Байтерек» мұнарасы мен Нью - Йорк қаласындағы биіктігі 93 метр «Бостандық» мұнарасына есеп құрастырып шығару. Осы мұнаралардың басындағы атмосфералық қысымдар қаншаға тең?
Есеп №4.Жер бетіндегі қысым 101300 Па, тереңдігі 840 м шахтаның атмосфералық қысымын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).
2-топ.
Есеп №1. Москва теледидар мұнарасының төменгі қабатындағы барометр 100641 Па қысымды көрсетсе, теледидар мұнарасының биіктігі деңгейіндегі (540 м) барометрдің көрсетуі қандай? (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).
Есеп №2. Метро станциясына кіре берістегі барометр 101300 Па қысымды көрсетіп тұр. Метро станциясының платформасындағы барометр 101674 Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікке орналасқанын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет