Сабақтың тақырыбы: Ш.Қанайұлы «Зар заман» Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет4/6
Дата10.12.2022
өлшемі6,56 Mb.
#56311
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
зар заман

Дескриптор:

  • берілген үзінділердегі көркемдегіш құрал түрлерін анықтайды;

көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.


Мысалдар

Көркемдегіш құрал түрлері

Қолданылу ерекшелігі

Орыс-бүркіт, біз-түлкі
Аламын деп талпынды.







Қайсыбірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды.
Қамалмайендінеғып тұр?







Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.







Билер жейді параны
Сақтапқойған сүріңдей.
Заманныңтүрі бұзылды
Текеметтің түріндей.







Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,







Ұлың көңілі — бір бөлек,
Қызың көңілі — бір бөлек.









Ықтимал жауабы:

Шығарма үзінділері

Көркемдегіш құрал түрлері

Қолданылу ерекшелігі

Орыс-бүркіт, біз-түлкі
Аламын деп талпынды.

метафора

суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі

Қайсыбірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды.
Қамалмай енді неғып тұр?

аллитерация

өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.

Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман.

ассонанс

шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы

Билер жейді параны
Сақтапқойған сүріңдей.
Заманныңтүрі бұзылды
Текеметтің түріндей.

теңеу

заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру. 

Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды залым қып,

эпифора

өлеңнің әр тармақтарының соңында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бір сөздің қайталанып келуі. Ақындар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың басты қасиетін өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталап, оқиғаны үдете,дамыта көрсетеді. 

Ұлың көңілі — бір бөлек,
Қызың көңілі — бір бөлек.

анафора

айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет