Сабақтың тақырыбы "Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы Оқу мақсаттары



бет14/39
Дата06.12.2022
өлшемі343,57 Kb.
#55416
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
ашық сабақ шұға белгі

Негізгі тезистер- дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.
Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.
Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.
Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.
Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.
Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.
Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Тезистердің өзінде негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.
Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.
Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын орытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.
Тезистерді жасаған уақытта тұжырымдамаларды кітапта берілетін ретпен емес, оларды логикалық байланыс жағынан біріктіріп беру қажет.

Сабақты бекіту





  • БҮБ

Білгенім

Үйренгенім

Білгім келеді








Мерзімі:19.10
№7 Аргумент және дәлел
Сабақ мақсаты:
А) білімділік Зерттеу жұмыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: отаншылдыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар:, кітаптар, суреттер

Жаңа сабақ


Дәлелдеу - белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім - наныммен байланысты, бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық - тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім - жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.


Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.
Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай.
Аргументтер - тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория.
Қорытынды - фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым - біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.
Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер - тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады.
3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.
Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін.
Тура аргументте тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады. Мысалы, біз сабаққа баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.
Индукция, дедукция, аналогия, себеп - салдар байланыстары арқылы тура дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.

Дәлелдер (аргументы) — бұл қоғамдық өмір фактілері, құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдаяттар мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдар пікіріне жасалған сілтемелер және т.б. Әрбір тезиске қатысты екі дәлел жазған жөн: бір дәлел сенімсіздеу шығуы мүмкін, ал үш дәлел қысқалық пен бейнелілікке бағытталған жанр түрінде орындалған шығарма үшін тым көптік танытуы ықтимал [2,16].


Сонымен, эссе бірінен бірі туындайтын сақиналы құрылымды болады (тезистер мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдалып алынған жоспар мен логикаға, ойдың дамуына байланысты). Сонымен, эсседе ой айтылады, ол дәлелденеді, сосын тұжырымдалады.
Сабақты бекіту
БҮБ

Білгенім

Үйренгенім

Білгім келеді

№8 Пікірге қатысты аргумент Мерзімі:26.10




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет