Сабақтың мақсаты: Пікір алмасу (дискуссия) жөнінде түсінік беру. Олардың жүргізудің талаптарын жүйелі меңгерту.
Міндеті:
Білімділік міндет: Ой-пікірді ортаға сала отырып, мәселенің ортақ шешімін қалыптастыру, оқушылардың жан-жақты қарау мен талқылау арқылы көпшілік көтерген мәселенің түйінін тауып, ортақ пікірге келуін қалыптастыру.
Тәрбиелік міндет: Оқушыларды таза, жүйелі, шешендік сөздерді қатыстыра отырып сөйлеуге баули отырып кәсіби мамандыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық міндет: Талданатын тақырыптың ерекшелігі мен оған қойылатын талаптарын айқындау, ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес
Сабақ типі: жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, дәріс оқу, айналым парақшасы, постер қорғау, АКТ
Сабақтың жабдықталуы: бағдарлама, оқулық, білім стандарты, әдістемелік нұсқау хат, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) кіріспе әңгіме
ә) түгендеу
ІІ. Үй жұмысын тексер
Пікір алмасу (дискуссия)
Пікір алмасу (дискуссия) туралы түсінік
Пікір алмасудың мақсаты
Пікір алмасудың мәдени талаптары
Дискуссия (лат. discussio) - пікірталас, белгілі бір мәселе бойынша пікір сайысы, қандай да болсын мәселені немесе өзара байланысты мәселелер тобын білікті тұлғалармен бір мәмілеге келу үшін талқылау.
Топпен жұмыс. Сыни ойлау.
Қазір, балалар, сіздер мынадай тапсырмаларды орындайсыздар.
Пікір алмасу қалай жүргізіледі? Тақырып аясы қандай болады.
(Оқушылар берілген тапсырмалар аясында ойланады сұраққа жауап беру мақсатында ізденеді. Есіне түсіреді.)
Арнайы сұрақтар құрастыру. Диалогтік оқыту. Оқушылар оқулықтың көмегімен тақырыптарға сүйеніп, қойылған сұрақ төңірегінде жұмыстар атқарады. Бірімен – бірі пікір алмасады.
Достарыңызбен бөлісу: |