Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Астана туралы мағлұмат беру, Қазақстанның пайдалы қазбалары, шаруашылығымен таныстыру.Отанға Астанаға деген сүйіспеншілігін арттыру ,патриот болуға тәрбиелеу. Топта жұмыс жасауға, ойын ашық айтуға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Қазақстан, Қазақстанның пайдалы қазбалары, шаруашылығы, Астананың мәдени орындары туралы біледі.Топпен жұмыс істей алады, өз пікірін ашық айта алады.
Түйінді идеялар (кілтті сөздер)
Астана - Евразия жүрегі
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, ассосация құру.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, Қазақстан картасы, интербелсенді тақта, үш жақты пирамида
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе.
1.Тренинг.Амандасу .Жылулық сыйлау.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым
2 .Үй тапсырмасы.Тест жұмысы
3 Ән. "Атамекен".
4.Ой қозғау. Атамекен дегенді қалай түсінесіндер?
Тұсаукесер
1.Топқа бөлу. 1-топ Астананың мәдени орындары
2-топ Қазақстанның пайдалы қазбалары.
3-топ Қазақстанның шаруашылығы.
2.Ассосация. "Қазақстан"
3.Таныстырылым. Астана кеше және бүгін.
4. Ой түю.
Астана кеше ғана басқа қала ,
Айналды Бәйтеректі Астанаға.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Негізгі бөлім
1.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді бөлікке бөліп топта оқу. Өзара түсіндіру.
2. Постер қорғау.
3.Көрсетілім ."Астана - Евразия жүрегі"
4. Шығармашылық жұмыс. 1-ші топ Диалог құру
2-ші топ Өлең шығару Астана туралы.
3-ші топ Эссе жазу Қазақстан туралы
Дәптермен жұмыс.
Топтап жаз.
Таулары:
Көлдері:
Ағаштары:
Кен байлықтары:
Атақты адамдары:
.Ойын "Қазақстан".Қазақстан деген сөзден сөз тудыру.
Қортынды бөлім
Бекіту кезеңі: Топ 2 сұрақ дайындау.Астана, Қазақстанның шаруашылығы, пайдалы қазбалары бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |