Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі:интерактивті тақта,тест парақшалары, оқулық, интернеттен
алынған қосымша материалдар.
Оқыту- әдіс- тәсілі: Жинақтау,түсіну,таныту,қорыту,талдау,қолдану,ой-пайым
Сабақ барысы:1.Сәлемдесу.Түгендеу. 2.Үй тапсырмасын тест тапсырмасы
арқылы жинақтау және анықтау.
Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі.С. тақырыбы: Жазушының суреткерлік шеберлігі
С. Мақсаты: Жазушының тіл шеберлігін аңғартуда көркемдеуіш сөздерді (эпитет, метафора, теңеу) ажырата біліп,шығарма идеясын ашуда ажарлау тілін талдату.
1.Түсіну.
1.Слайд. Эпитет – бір заттың түр- түсін басқа заттың түр – түсімен салыстырып көрсету.Эпитет заттың қандай екенін анықтап, анықтайтын сөзінің алдында келеді.
2. Слайд.
Метафора- сөздің ауыстыру мағынасында келіп, сыртқы, не ішкі бір ұқсас-
тығына қарап, бір затты екінші бір затқа балауды айтамыз.
3.Слайд.
Теңеу – затты тура мағынасында емес,ауыспалы басқа мағынамен салыстырып айту.
Теңеу жасайтын:
дай, -дей, - тай, - тей, - ша, -ше, -дайын, -дейін жұрнақтары мен секілді
сияқты сөздерді қосу арқылы жасалады.
2 бөлім. Мағына ашу.
Терісі қандай: жұқа – көзел етіктің былғарысындай мап- майда.Қандай сөз?
Быртық бақай, ит жіліншек, тазы тізелі,бөкен санды,сіңірі бура тілерсек.Көр-
кемдеуіштің қайсы?
Майда жал,жеңіл құйрық қандай сөз ?
Күреңбай сыншының құлагерге берген сипаттамасынан көркемдеуіш сөздерді
тауып оқы.
Шіркіннің тұрқын қарашы,он екі таспадан өрен ұзын бишіктей.
Тынысы тарылмайтын құлаш кеңірдек, талыс танау.
Аяғы қаққан қазықтай тік, тұяғы мүжілмейтін Оқжетпестің қайрақ тасындай.
Қасқыр жауырын,түлкі төс,қоян жонды.
3 бөлім. Талдау.
«Ат шаппайды бап шабады» деген Күреңбай сыншының айтуынан көркем-
деуіш сөздерді анықта.
Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ,жеті тері алынған,бір қасық ащы тері қалмапты.Құмалағында да қоянның көз жасындай бір тамшы су жоқ....
Достарыңызбен бөлісу: |