Сабақтың тақырыбы: Табиғи ресурстардың жіктелуі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/2
Дата10.04.2023
өлшемі117,66 Kb.
#81255
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Қысқа-мерзім-жоспары-көлік


Бөлім:

5. Экономикалық география
5.1 Табиғи ресурстар

Педагогтің аты-жөні:

Төлеутай Аружан

Күні:

10.04

Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи ресурстардың жіктелуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.5.2.1- қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде көлік инфрақұрылымының элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді

Сабақтың мақсаты:

1. Көлік және оның түрлерін біледі және ажырата алады.
2. Көлік түрлерін қандай мақсатта қолданатынын түсіндіре алады.
3. Көлік түрлерін салыстырады және көлік желісінің таралау аймағын картадан көрсете алады.



Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


5 минут

Мұғалім: 1.0. Ұйымдастыру кезеңі

    1. Оқушылармен амандасу

1.2. «Комплимент ойыны» арқылы психологиялық сабаққа дайындық, көңіл –күйін анықтаймын;
1.3. «Көлік түрлері» пазлдарымен топқа бөлінеді.
І топ – құрлық көлігі
ІІ топ – су көлігі
ІІІ топ – әуе көлігі
Үй тапсырмасы: «Ортадағы қаламсап» әдісі бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар қойылады.

Сұрақтарға жауап береді




Сурет қиындылары

Сабақтың ортасы


35 минут

Қызығушылықты ояту.
Электронды оқулықтан бейнеүзінді көрсетіледі. Осы бейнеүзінді арқылы бүгінгі сабақта не талқылаймыз,қандай тақырып өтеміз деп ойлайсыздар? Өз ойларыңды ашық айтып сыни тұрғыдан ойлана отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.


1- тапсырма. Топтық жұмыс. «ДЖИГСО» әдісі.
1. Құрлық көлігінің маңыздылығын түсіндіріңіз.
2. Әуе көлігі жақсы дамыған елдерді картадан көрсетіңіз.
3. Су көлігі жиі орналасқан аймақтарын анықтаңыз.



  1. Тапсырма. Жұптық жұмыс. Венн диаграммасы арқылы көлік түрлерін салыстыр.



3-тапсырма. Жеке жұмыс.«Кластер» әдісі арқылы Қазақстанның көлік кешеніне сипаттама беріңіз.
4-тапсырма. Жеке жұмыс. Картамен жұмыс. «Мені таны» ойыны. Көлік түрлерінің фотосуреттер қиындылары әр топқа таратылады.Фотосуреттерді картаға жапсыру арқылы қай елде кең таралғанын картада көрсетеді.





Тапсырмаларды орындау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет