Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет14/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
Түзету ырғағы қмж

1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту.
- Қандай жануарлардың дауыстарын білесің?
-Ерекше дауыстайтын жануарды ата.(түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі ,есек.т.б)
3.Дидактикалық ойын: «Төлін тап».
Ойын шарты: Үй жануарлары суреті көрсетіледі.. Бала әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
«Төлдер айтысы» ертегісімен баланы таныстыру.
- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не айтты?
- Құлын ше?
- Бұзау не деді?
- Қошақан, бота не деді?
- Адам не деп жауап берді?
4Сергіту сәті: Айналайын торпақ,
бола берме қорқақ
, Айналайын қозым,
малда жуас бозым.
Айналайын ботам,
қандай күлте жотаң
, Жалт-жұлт етіп лаң,
жағалайсың бұл аң.
(Қимылмен көрсетеді).
5.Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)

Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,


Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты)
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы)


Қорытынды:

- Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?


- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
- Малдарды қалай шақырады?


Пәні: Түзету- дамыту №16
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Орнын тап
Мақсаты:
1.Оқушыға сөздерге сөйлем құрай білуге үйреті
2.Оқушының сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3.Ұқыптылыққа, ізденпаздылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
Жаңа сабақ . сабақтың мақсатын ашу.
Оқушы мен мұғалім шеңбер бойына отырады. Мұғалім балаға допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Бала сөзді аяқтап, допты кері лақтырыды. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса , өз өнерін көрсетеді. Сөздердің нұсқауы:
Компазитор музика құрастырады, ал әнші ....
Қазақстанда қазақша сөйлейді ,ал Англияда....
Балерина билейді, ал пианист....
Германияда немісше сөйлейді, ал Полшада ....
Лимон ащы, ал қант ...
Шөп жасыл,ал аспан...
Ағашты аралайды, ал шегені ...
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар ...
Құс ұшады ал жылан...
Кеме жүзеді,ал машина...
Шиені жейді, ал шәйді ....
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы....
Түнде қараңғы, ал күндіз...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет