Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет15/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Пәні: Түзету- дамыту №17
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтарды сипатта.
Мақсаты:1. Баланың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. ойыншығын сипаттай білуге, сөздерге сөйлем құрай білуге үйрету.

2.Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету. сөздік қорын,ойлау қабілетін дамыту.


3Адамгершілікке, іздемпаздыққа тәрбиелеу .
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ .Сабақтың мақсатын айту.
-Балақай ,сенде қандай ойыншықтар бар?
. Қанекей, екеуміз бірге қосылып айтайық:
Біз ұқыпты баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықты жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Мұғалім:
- Сенің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Дәптермен жұмыс: Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.
Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).
Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.
Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.
Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),
Мінем оған қарғып-ақ.
Мына тұрған қояным (қоянның суреті),
Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.
Сөздік жұмысы:
- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.
- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.
Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».
Ойын шарты: Мұғалім сөйлемді бастап береді, бала аяқтайды.
- Менің ойыншығым ... /әдемі/.
- Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.
- Допты жоғары ... /лақтырдым/.
Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бұл дірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет