Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет45/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Оқушыға сабақтын мақсатын айту.
«Дүниеде жоқ жануар» тақырыбы бойынша сурет салғызу, бақылау ,әңгімелесу.
-Салған жануарыңның атын қой.
-Қандай түстерді қолдандың?
-Салған суретің өзіңе ұнады ма?
а) Мұғалім хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып береді. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар - көк кит, ең ұзын жануар - керік туралы мәлімет беріледі.
ә) Сұрақ - жауап әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу. Балаға жануарлар әлемі туралы теледидардан, бейнетаспалар көруге болатындығы және көптеген кітаптар бар екені айтылады. Астана қаласындағы «Мұхит аралы», Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінен көптеген жануарлардың түрін көруге болатындығы айтылып, олардың суреттері көрсетіледі.
3. Тыныштық сәтін өткізу.
а) Сөздік жұмысын жүргізу.
Хайуанат - жан - жануарлардың жалпы атауы.
Хайуанаттар бағы - жан - жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.
б) Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнеленген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Оқушы педагогтің көмегімен торда түрған қасқыр, аю, көжек туралы әңгімелейді.
Қасқыр - ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Қоян - ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол - өте қорқақ аң. Қоянның баласын деп атайды.
Аю - ірі денелі, икемсіз жануар. Ол - жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды.
Сондай - ақ піл, мүйізтұмсық, жолбарыс, т.б. аңдар және құстар, бауырымен жорғалаушылар (жылан, кесіртке, тасбақа, қолтырауын) туралы да қысқаша мағлұмат беріледі, суреттерін не солар туралы түсірілген фильм көрсетуге болады.
в) Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, аң аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.
г) Жұмбақтар шешу. Шешулері: қоян, піл.
ғ) «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет