Күні:
|
Сынып: 5 «А»
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Буғибаева К.Ж.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Тарих қойнауында
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;
6.4.3.1 көнерген сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
|
Сабақтың түрі
|
Аралас сабақ
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, әдебиет.
|
Қажетті құрал – жабдықтар
|
Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш.
|
Оқу әдістері
|
Сөздік, практикалық, көрнекілік.
|
Дереккөздері
|
6-сынып «Қазақ тілі» Атамұра баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.
|
Тапсырмалар
|
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу
|
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады.
Сынып топқа бөлінбейді. Сабақ барысы кездейсоқ сандар арқылы өтеді.
|
Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Кезекші жоқ оқушыларды атайды.
.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Үй тапсырмасы. Алдын-ала дайындалған сандар тізбектерінің ішінен суырып алу арқылы үй тапсырмасына жауап беретін оқушылар таңдалады.
Келесі таңдалған сандар сұрақ қояды. Және келесісі пікір білдіреді.
|
Үй тапсырмасына жауап береді
|
І.Қызығушылықты ояту
|
Жаңа материалға қызығушылықты арттыру мақсатында «4 сурет, 1сөз» әдісі қолданылады.
Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тарих қойнауында». Оқу мақсаттары хабарланады.
|
Суреттерде тарихта іздері қалған ұлы ғұламалар мен хандар бейнеленген және өткенімізде қалған соғыс уақыттары бейнеленген. Демек, жауабы тарих.
|
ІІ. Мағынаны тану
Қорытынды
|
1-тапсырма. Тыңдалым алды тапсырма.
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Мәтін не туралы?
Мәтінге қандай ат қоюға болар еді?
Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген қанатты сөзі бар. Ендеше, бабаларымыздың жарқын істерін насихаттау бесігіміздің бүтін, жеріміздің тұтас, тіл мен діліміздің, түптеп келгенде, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуының басты кепілі. Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру елдің тәуелсіздігін қастерлеуді үйрету үдерісінің бастау бұлағы – отбасы. Демек, жас өскінді ұлан-байтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан ата-бабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып қала бермек. Жеті атасын білмеген жетесіз деген мәтел бар халқымызда. Бұрынғы даналарымыз түп тамырымызды білудің дініміздің мықты болуының кепіліне балағаны күмәнсіз. Күні кешегі ұлт шежіресін ұмыттырғысы келгендердің пиғылын нақты ұғынсақ, есігімізден сығалаған жаһандық үдерісінің болуы мүмкін сын-қатерлерін сауапты бағамдай алмақпыз.
Кездейсоқ сандар таңдалып сұрақтаға жауап береді.
Дескриптор білім алушы
Мәтінді тыңдайды
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді.
Мәтін атауын талқылайды.
Қ/Б «Смайликтер»
Тілдік бағдар.
3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, көнерген сөздердің мағынасын түсіндір. «Кездейсоқ сандар» таңдалады.
Аңшы Мүсіреп Есеней байға жарамсақтанып, жігіттің арызын аяқтатпай, киіп кетті:
- Тоқта деген соң, сүйреңдемей тоқта, бала! Ауылыңа сәлем айт, Есеней аға сұлтанның ат тұмсығын тіреген жерге таласып әуре болмасын! – деді. (Ғ.Мүсірепов). Аламандардың киім үлгісі, сауыт-сайман, қару-жарағы да ала-құла. Біреу көбе, біреу бадана, енді біреулері тот басқан ескі кіреуке киіп алыпты (Қ.Жұмаділов).
«Дескриптор» білім алушы
|