Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты


С ақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі



бет4/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,06 Kb.
#133364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
С ақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі. Қазақстанда археологиялық ескерткіштердің ішінде сақ тайпаларының обалары мен қоныстарының орны ерекше. Обалардың сыртқы көріністері әр облыста әрқалай. Мысалы, Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда сақ тайпаларының обалары өте биік, аумағы үлкен болып келеді. Ондай обалар Іле өзенінің аңғарларында жиі кездеседі. Археология ғылымында ондай обалар Патша обалары деп аталады. Шығыс және Орталық Қазақстандағы обалар кішірек. Жетісу жерінде Қарғалы – 1, Қарашоқы, Бесшатыр, Есік обалары зерттелген. Обалардың зерттелуі Қазақстан тарихындағы сақтар мәдениетінің жаңа беттерін ашты. Бесшатыр обасы өзінің ұрланғандығына қарамастан сол дәуірдегі жерлеу салтының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті. Обалардың үсті белгілі бір жүйемен үйілген. Үйіндінің бір қатары тас, құм болса, екінші қатары шеңгел сияқты бұталардан тұрады, үшінші қатары топырақ. Бұл көріністер бірнеше рет қайталанып, биіктігі 20-30 м оба тұрғызылған.
Ал Арал мен Оңтүстік Қазақстан аумағында массагеттердің ескерткіштері Сырдарияның төменгі ағысында Ұйғарақ пен Түгіскен қыраттарына орналасқан. Археологиялық зерттеулер Түгіскен обаларының екі мерзімде салынғанын анықтап, бір-біріне ұқсамайтын жергілікті жерлеу тәсілдерінің болғандығын дәлелдеп отыр. Жерлеу тәсілдерінің мұндай әртүрлі болуы рулық қоғамның қалыпты дамуынан деп жорамалданады. Обалардағы үлкен лақатты шұңқырлармен бірге жерленген мүліктердің құрамына қарағанда сол дәуірдің ықпалды адамдары екендігі байқалады. Олардың кейбірі әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Ал билік белгісі- күрзінің және салттық айбалта, қанжардың табылуы оған толық дәлел бола алады.
Б.з.д. V ғасырға жататын бай қабірлер тобы Түгіскен обаларында кездеседі. Бұлардың өздеріне тән құрылыс жүйесі бар. Мәйіттің басы шығысқа немесе солтүстік-шығысқа қаратылып жерленген. Ал бірге көмілген бұйымдар алуан түрлі. Оның басым көпшілігі- саз балшықтан жасалған ыдыс-аяқтар, құрал-жабдықтар, қару-жарақ және сәндік бұйымдар. Оңтүстік Алтай тауларында Бұқтырма өзенінің жағалауында Берел, Күрті, Майәмір, Құлажорға, т.б. обалар зерттелген. Ғалымдар бұл обалардан алынған материалдық мәдениетті басты үш кезеңге бөліп көрсетті. Олар: Майәмір (б.д.д. VІІ-VІ ғғ.), Берел, (б.д.д. V-ІVғғ.) және Құлажорға (б.д.д. ІІІ-І ғ.ғ) кезеңдері.
Мұндай кезеңдерге бөлудің себебі, тарихи тұрғындардың жерлеу ғұрпы, салт-саналарының өздеріне тән ерекшеліктерінің болуында. Мысалы, Майәмір кезеңіндегі ру-тайпалар адамды атымен бірге жерлеген және жерлеудің архитектуралық құрылысы күрделі болған.
Ертіс пен Зайсан көлі жағалаулары тұрғындарының жерлеу ғұрпы да өзгеше. Онда ағаш қима болмаған, аттары бірге көмілген және обалары малтатас аралас топырақтан үйілген. Қоса көмілген заттардың ішінде қоладан жасалған заттардан гөрі, темірден жасалған заттар көп кездеседі. Ал ағаштан, алтыннан, қоладан, теріден т.б. заттардан жасалған сәндік бұйымдар көп әрі өте көркем. Құлажорға кезеңінде Тарбағатай мен Ертістің жоғарғы бойы аралығындағы далалық жерде құлажорғалықтар үлгісі деген жерлеу құрылыстары пайда болған. Онда тас жәшіктер қырынан көміліп, үсті тақта тастармен жабылған. Мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа немесе шығысқа қаратып жерлеген. Сонымен қатар адамды анасының құрсағында жатқандай аяқ-қолын бүрістіріп, оң қырынан жатқызып жерлеу салты да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет