Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты



бет3/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,06 Kb.
#133364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Анахарсис (б.д.б. VІІ- VІ ғғ.). Анахарсис – сақтардың алғашқы атақты философы, ғалымы. Ғалымның туған және қаза болған жылдары белгісіз. Тарихта ол «Скиф Анахарсис» атымен белгілі. Ғалым патша әулетінен шыққан, анасы эллиндік. Анахарсис Ежелгі Грекияда сол кездің атақты ғалымдарынан білім алып, тәрбиеленген. Ғалымның аты гректердің атақты тарихшысы Геродаттың «Тарих» атты еңбегінде және атақты философ Платонның «Мемлекет» атты еңбегінде кездеседі. Платон бір еңбегінде әлемдегі «жеті ғұламаның бірі» деп есептеген. Анахарсис Грекияның ғылым мен білімнің орталығы болған Афины қаласының әйгілі ақылгөй кемеңгері Солонмен де жақын дос болған. Анахарсистің аты басқа да көптеген философтардың еңбектерінде кездеседі. Әсіресе Диоген Лаэртский өзінің «Атақты философтардың өмірлері, ілімдері, нақыл сөздері» атты еңбегінде Анахарсистің айтқан нақыл сөздерін келтірген. Оның дерегіне қарағанда, «Басқа пәле – тілден», «Татымсыз мың достан - адал бір дос артық», «базар – адамдардың бірін – бірі алдап, ұрлап-жырлауы үшін арнайы жасалған орын» және т.б. даналық сөздері бізге дейін жетіп отыр. Ғалымның өлеңінің біразы «Латын антологиясы» жинағында неміс тілінде жарияланған.
Т арихнамасы: Темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Қазақстандағы темір дәуірінің ескерткіштерін зерттеуге атсалысқан атақты орыс ғалымдары Г.Ф.Миллер, П.С.Паллас, В.В. Радлов болды. Олар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасы бойынша арнайы келіп, жұмыстарынан бос уақытында темір дәуірінің обаларына зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар С.И. Гуляев, А.П.Аниховский және т.б. өлкетанушылар да осы дәуірдің ескерткіштерін зерттеуге өз үлестерін қосты.
Қазан төңкерісіне дейін сақтардың тарихы жайлы біршама ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдардан В.В.Григорьевті ерекше айтуға болады. Ол өзінің сақтар туралы жазылған атақты «О скифом народе саках» деген еңбегінде талдау жасай отырып, құнды пікірлерін ұсынған. Ол өз зерттеулерінде сақтар туралы ежелгі грек және парсы деректерін негізге алған. В.В.Григорьев сақ атауына және олардың таралу бағытына тоқталған.
Қазақстанда темір дәуірінің ғылыми тұрғыда зерттелуі кеңес өкіметі орнағаннан кейін ХХ ғасырдың 30-жылдары басталды. Оны алғашқы зерттеген көрнекті археолог ғалымдар М.П.Грязнов, Б.Н.Граков, А.Н.Бернштам болды. Бірақ дәуірдің нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін басталды. Олардың ішінде Ә.Марғұлан, К.Ақышев, С.С.Черников, И.В.Синицындерді атауға болады. Мысалы, К.Ақышевтің Алакөлден Таласқа дейінгі аймақтағы сақ обаларын зерттеуі Жетісудың сақ қоғамын анықтауда ғылыми негіз болды.
Қазақстанда жүргізілген мұндай ғылыми жұмыстар темір дәуірі кезінде өмір сүрген ру-тайпалардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы құнды мағлұматтар береді. Себебі ұлан-байтақ жерімізде бұл дәуірдің ескерткіштері алуан түрлі әрі кең таралған. Сондықтан олар бүгінгі таңда есепке алынып, картаға түсіріліп, ескерткіштерді қорғау қоғамыың қамқорлығына алынған.
Темір дәуіріндегі ру-тайпалардың аты, олардың мекені туралы аз да болса жазба деректер сақталған. Оған соңғы кездегі археолог З.Самашев бастаған зерттеушілер тобының Франция археологтарымен бірлескен жұмыстарының нәтижесін атауға болады. Бұл зерттеулердегі Шығыс Қазақстанда Алтай тауының Берел обаларынан табылған құнды деректермен Батыс Қазақстан жеріндегі сарматтардың алтын обасынан табылған екінші алтын адам Қазақстан археологиясына үлкен жаңалық болып қосылды. Ал Ә.Төлеубаевтың басқаруымен жүргізілген студенттердің далалық жұмыстары кезінде Шығыс Қазақстанның Шілікті шатқалында үшінші алтын адам табылып, еліміздің тарихында маңызды орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет