Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты



бет5/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,06 Kb.
#133364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Тасмола мәдениеті. Сақ тайпаларының обалары Орталық Қазақстаннан да табылған. Осы обаларға жататын ескерткіштер сол жердің атына байланысты. Тасмола мәдениеті деп аталады. Бұл мәдениетке тән бір қасиет обалардың екі жағынан адамның «мұрты» тәрізді тастан қоршаулар жасалған. «Мұрттың біткен жеріне екі жағынан орталық қорғаннан онша үлкен емес кішілеу екі оба тұрғызылған. Оларға жүргізілген қазба жұмысы кезінде обадан тек жылқының сүйектері және көзелер табылған. Археолог ғалымдардың біреулері бұл «күнге табынудың белгісі» десе, кейбір ғалымдар «мінген жылқыны құрбандық шалу ғұрпы» деп болжайды.
Археолог М.Қ.Қадырбаевтың пікірі бойынша, Тасмола мәдениеті үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде адамды атымен бірге және ат-әбзелдерімен жерлесе, екінші кезеңде мұндай әдет жойылған. Ал үшінші кезеңде адамды жерлеуде басын оңтүстікке қаратқан. Жерлеудің кейбір ғұрыптары сарматтардың жерлеу ғұрпына ұқсас. Мұндай көріністі ғалымдар сармат тайпаларының Орталық Қазақстандағы тайпаларға тигізген әсері дейді. Сол сияқты ерте темір дәуірінің ескерткіштері таулардың бөктеріндегі обаларда кездеседі.
Сақтардың қоғамдық құрылысы және мәдениеті
Сақтардың қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде алғашқы рулық қатынастар ыдырай бастаса, темір дәуірінің басында бұл үдеріс аяқталды.Оның басты себебі, мыс пен қола өндірудің дамуы қоғамдық еңбек бөлінісін күшейтті. Алғашқы үлкен аталық отбасылар қалыптасты, олар біртіндеп оқшауланып моногамиялы отбасыларға айналды. Мұндай отбасыларда өзіндік меншік түрлері пайда болды.
Сақ қоғамында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының дамуы, металлургия өндірісінің жандануы қоғамның дамуына әсер етіп, қосымша өнімнің өсуіне, айырбас сауданың дамуына және жекеменшіктің қорлануына мүмкіндік туғызды. Ал мұндай жағдайдың қалыптасуы қауым мүшелерінің қаналуына әкеліп соқты. Сөйтіп мүлік теңсіздігі пайда болды. Сақтарда мал өсіру басым болғандықтан, жерге қауымдық меншік сақталып, малға отбасылық жекеменшік күшейе түсті.
Темір дәуіріндегі бұл тайпалардың қоғамдық құрылысы шағын қандас туыс отбасылар тобынан (патронимия) немесе көшпелі қауым, тайпалар одағынан құрылған. Содан біртіндеп үлкен аталық рулық әулетке айналып отырған. Бұлардаң өсіп-өнуіне байланысты бөлінген отбасылар әулет басшыларының есімімен аталды. Енді бұл көшпелі қауымдардан тайпа және тайпалық одақтар, ал бұлардан мемлекет құрыла бастады. Тайпа қоғамдық құрылысының басты сатысына айналды. Бұл жағдай темір дәуірінде әскери демократиялық құрылыстың басқару жүйесін қалыптастырды. Сонымен тайпалық одақтар алғашқы қоғамның ыдырауын біржолата аяқтап, жаңа қоғамның үлгісін құрады.
Б.д.д. І мыңжылдықтың ортасында тайпалық одақтардан Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда болды. Мысалы, Оңтүстік, Шығыс және Орталық аудандардағы тайпалардың көбі сақтардың тайпалық одағына біріксе, солтүстік және батыс аймақтарды мекендеген тайпалар алғаш сармат, кейінен савромат тайпасының одағына бірікті. Олардың сайланып қойылған көсемдерінің «патшаларының» қолында азаматтық әрі әскери билік және әскери жасақтар болды.
Алайда Қазақстанда таптық қоғам мен мемлекеттік құрылымның басқару жүйесінің даму үдерісі бірнеше жүздеген жылдарға созылды. Ол шаруашылықта мал өсірудің басым болуынан, таптық қоғамның нақты айқындалмауынан, қосымша өнімнің баяу қорлануына байланысты болды.
Сақ тайпаларының шаруашылығы. Сақ тайпалары малды суы мол, шөбі шүйгін, жайылымы жақсы жерлерге көшіп жүріп өсіретін көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Сондай-ақ олар жаз айында малды семірту үшін жайылымы жақсы жерлерге көшіп, ал қыс түскен кезде өздерінің бұрынғы қоныстарына қайта көшіп кететін жартылай көшпелі мал шаруашылығымен де шұғылданған. Шаруашылықтың бұл түрінің дамуы мал басының көбеюіне үлкен үлес қосты.
Темір дәуірі кезінде егін шаруашылығы тез қарқынмен өсіп, мал шаруашылығымен бірге дамыды. Сондай-ақ бұл дәуірдің шаруашылық құрылысында балық, аң аулау сияқты қосымша салалар да болған.
Б.д.д. ІІ мыңжылдықтың соңы мен І-ші мыңжылдықтың басында Қазақстанда қуаңшылық күшейіп, табиғи су көздері тартылып, өзендер суы азайды. Мұндай жағдай егіншіліктің дамуына да, мал басының өсуіне кедергі етті. Ежелгі тайпалар енді бұл тұғырықтан шығудың басты жолы – деп жайылымды жер көлемін ұлғайту деп түсінді. Соның салдарынан мал шаруашылығы мен суармалы егін шаруашылығы қатар дамыды. Шаруашылықтың жандануы темір дәуіріндегі қоғамның өндіргіш күштердің дамуына қосылған үлкен үлес болды. Еңбек өнімділігі артып, мал басының көбеюі, ет, сүт, тері, жүн, астық өнімдерінің молаюына мүмкіндік берді. Басы артық өнімдер пайда болды. Малшылар мен егіншілер арасында айырбас сауда дами бастады.
Темір дәуірдің тұрғындары суыққа төзімді, тебіндеп, жайылатын жылқы мен қойды көп өсірді. Қой сақтардың жесе- тамағы, кисе-киімі, ішсе-сусыны, баспанасы мен үйі, мүлкі болған. Жылқы өсіруде сақтар дүние жүзіндегі халықтардың алдыңғы қатарында болған. Малдың бұл түрінің көбеюі қоғамның дамуында зор әсер етті. Жылқы жай мініс көлігінен бастап, шаруашылықта, соғыста және шалғайдағы елдер мен экономикалық және мәдени қарым-қатынас жасауда маңызды рөл атқарды.
Сақтар жылқының екі түрлі тұқымын өсірген. Біріншісі- жылқының тез семіретін етті түрі болса, екіншісі суыққа төзімді жылқы. Соңғысы кең таралған тұқым. Бұл қазақ жылқысының жабайы тұқымына ұқсас. Бұдан басқа Тасмола обасынан табылған сақ жауынгерлері мен ақсүйектері мінген шоқтығы биік жылқы тұқымы да кездеседі. Жылқының мұндай түрі Пазырық, Берел обаларынан да табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет