Сабақтың тақырыбы: Темір дәуіріндегі Қазақстан. Сабақтың мақсаты



бет7/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,06 Kb.
#133364
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Діни наным-сенімдері. Сақ тайпаларының жерлеу салты оларда діни наным-сенімдер болғандығын толық көрсетеді. Оларда қола дәуірінен бері отқа табыну сақталған. Сонымен қатар аспан денелеріне, тайпа немесе ру ақсақалдарының аруағына сиынған. Сақтарда көсемдерге табыну ру ақсақалдарының аруағына сиынған. Сақтарда көсемдерге табыну өте жоғары деңгейде болған.
Ол Аржан, Пазырық, Есік, Берел, Бесшатыр, Ұйғарақ, Түгіскен обаларынан анық аңғарылады. Бұдан шығатын қорытынды, осы тұстағы тайпалардың материалдық мәдениеті жағынан жергілікті өзгешеліктері болғанымен, салт-дәстүрлері мен саяси құрылымдары бір-біріне ұқсас дамыған.
Сақтарда өзгерген, өңделген күйде анимизм, тотемизм және магия сияқты ежелгі діни ұғымдар да сақталған. Мысалы, анимизмде өлген адамдардың жанын азат ету үшін адамдардың қаруын, айнасын немесе басқа заттарын сындырып бірге жерлеген. Ал тотемизм мен магияда түрлі бойтұмарлар мен сиқырға сенген. Рулар мен тайпалар аңыз бойынша жануарлардың мүсіндерін жасаған. Осы мүсіндермен адамды және оның атын, «шайқастарда қорғайды» деп ат-әбзелдерін безендірген. Сақтар жабайы аңдарды киелі жануарлар деп есептеген. Олардың шапшаңдығы, күштілігі және ептілігі жайлы аңыздар шығарған. Ал тұтыну бұйымдары мен қару-жарақтарын бірге қою салты о дүниеде тіршілік бар деген сенімді білдірген. Олар қойылған заттар о дүниеде қажет болады деп ойлаған.
Темір дәуірінде Қазақстандағы ру-тайпалардың жерлеу салт-дәстүрі әртүрлі болды. Мысалы, Оңтүстік Орал мен Батыс Қазақстандағы савроматтар мәйіттерін кең тік бұрышты шұңқырларға жерлеп, бетін ағашпен жапқан. Ал Арал маңындағы сақтар тік бұрышты қазылған шұңқырды айналдыра қазып, нар жасап, соның үстіне жатқызған. Орталық Қазақстанда жерден қазылған қабірдің беті жалпақ тастармен жабылған. Жетісу мен Алтай жерінде ауқатты адамдар ағаштан жасалған қабірге жатқызылған. Ғалымдар жерлеудің мұндай алуан түрлілігін біртұтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығынан деп түсіндіреді.
Сақтардың антропологиялық өзгерістері. Қазақстанда қола дәуірі ру-тайпаларының бетпішіндері еуропеоидтік типтес болған. Осы дәуірдің жалғасы темір дәуірінің алғашқы кезінде де сақ тайпаларының бет пішіндері еуропоидтік типтес болғанымен, кейінгі кезеңдерде моңғолоидтік белгілер көбейе бастады. Оған кейінгі дәуірлерде моңғолоидтік белгілер көбейе бастады. Оған кейінгі дәуірлерде жерленген обалардан алынған денелердің аласа болуы, бет әлпеттерінің жалпақтығының артуы, маңдайдың тік еңісінің өсе түсуі, мұрын сүйегі дөңестігінің азаюы, көз ұясының шығыңқы болуы дәлел болады.
Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы сақ обаларынан алынған бас сүйектердің пішіндерінің (морфологиялық) ерекшеліктеріне талдау жасағанда, олардың арасында генетикалық тығыз байланыстың жақындығы біркелкі болмаса да моңғолоидтік белгілер анықталған. О.И. Исмағұловтың пікіріне қарағанда, бұл үдеріс басқалармен араласудың нәтижесінде болған.
Жалпы, моңғолоидтік үдеріс темір дәуірінде жүре бастаған. Ол Қазақстан жерімен шекаралас жатқан Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірден басып кірген моңғолоидтік тайпалармен және ғұн тайпаларымен араласуының нәтижесінде күшейе түсті.
Сабақты бекіту:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?

  • Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.

  • Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?

  • «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сақтардың діни-нанымдары

  • Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?

Үйге тапсырма: 1) Темір дәуіріндегі Қазақстан. Конспектілеу.
2) Сақ тайпаларының мекендеген аумағы картасын дәптерге түсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет