9.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
9.4.4.3. құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу.
Сабақтың мақсаты
Мәтіннен автордың ойын анықтайды.
автор ойына перифраз жасайды.
Перифраз тәсілі арқылы тезис жазады.
Тезисте құрмалас сөйлемдерді қолданады.
ЕББҚ бар оқушы. ( 2-топ. Қазақша сөйлеуі нашар оқушы)
Мұғалім көмегімен:
1-тапсырмада топтық жұмыс ұйымдастырамын. «Қазақстан – Тәуелсіз ел» мәтінін түсініп оқуға ұсынамын. Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма: 1.«дербес зайырлы мемлкет» тіркесінің синонимін табыңыз. А) Бодан халық Б) Егемен, тәуелсіз ел. В) Еріксіз ел. Г) Тәуелді ел 2. Сөйлемді қажетті сөзбен аяқтаңыз. Жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ...... керек. А) білім Б) еңбек В) мәдениет Д) қаражат
«Маңыздылық аймағы» әдісіарқылы автордың ойын анықтайтын сөйлемдерді маңызды аймаққа жазуға тапсырма беремін.
Дұрыс нұсқасымен таныстырамын.
ЕББҚ бар оқушыға автордың ойын анықтауға тірек сөздер ұсынамын, тірек сөздердің мағынасын түсіндіремін.
дербес зайырлы ел, гимн, ту, теңге, еңбек, құндылық. экономикалық дербестігімізді танытатын- экономикалық дербестігімізді білдіретін.
Мәтінді оқиды.
Функционалдық сауаттылық сұрақтарына жауап береді. 1-сұраққа 2-сұраққа Топта «Маңызыдылық аймағы» әдісіне мәтіннен автордың ойын анықтайтын сөйлемдерді маңызды бөлігіне жазады.
Кіріспе бөліміннен 1 сөйлем
Негізгі бөлімнен 3 сөйлем
Қорытынды бөлімнен 1 сөйлем.
ЕББҚ бар оқушы. Маңызды бөлікке тірек сөздерді ұсыну арқылы автордың ойын анықтайтын 4 сөйлем жазады. Дескриптор: 1.«дербес зайырлы ел» сөзі арқылы 1 сөйлем. 2. «гимн, ту, теңге» сөздері арқылы 1 сөйлем жазады. 3. «еңбек» сөзі арқылы 1 сөйлем. 4. «Құндылық» сөзі арқылы 1 сөйлем.