Сабақтың тақырыбы Тәуелсіз Қазақстаным. Құрмалас сөйлемнің түрлері Оқу бағдарламасына



бет4/5
Дата10.11.2022
өлшемі198,65 Kb.
#49183
түріСабақ
1   2   3   4   5
ҚҰНДЫ
ҚЫЗЫҚТЫ
ҚИЫН болған сәттерді айтып, рефлексия жасайды.




«ҚҚҚ» әдісі

Үйге тапсырма

«Тәуелсіз Қазақстанның халықара -лық жетістіктері» тақырыбында таныстырылым жасап келу.











Сабақта қолданатын ресурстар

Мәтін
Қазақстан – Тәуелсіз ел!
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Отыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі.
1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Осы аз уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды отыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.
Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман.

1 кесте. «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы берілген сөйлемдерге перифраз жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет