Негізгі бөлім 2.Әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. 3.Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. 4.Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі.
Қорытынды бөлім
5.Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі.
ПЕРИФРАЗ ЖАСАУ ТӘСІЛДЕРІ 1.Перифраз • Перифраз (гр. periphrasis — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тəсілі. Перифраз мəтіннің идеялықэстетикалық жəне көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның əсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), т. (Уикипедия) • Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу. 2.Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б. Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына əкеп соқты. Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады. 2. Синонимдерді қолдану. Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам. Перифраз: Менің апам əдемі жан. 3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру. Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие болды. Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды. 4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру). Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады. Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды.