Тыңдалымалдытапсырмасы Оқушыларға мәтін үзінділерін ұсынбас бұрын ауа райы мен климаттық өзгерістерге байланысты суреттер топтамасын көрсету қажет. Олар сурет арқылы өтілетін тақырыпқа болжау жасайды. Мысалы:
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
Ортасы
Мағынаны тану кезеңі Сөздік диктанты өткен сабақтағы сөздермен жүргізіледі. Кесте-таблица, диаграмма- диаграмма, көрсетілген - указанные, ілгері динамика – положительная динамика, төмен көрсеткіш – низкиий показатель, өзгеріссіз- без изменений, өсу - рост, байқау- наблюдать, жіктеу- классификация, жоспарлау - планировать. Оқушылар дәптерді алмасып, дұрыс немесе бұрысын тексереді. /+,-/
Ортақ тапсырма: «Пкірлер»парағы әдісі
Тұман — атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 – 15 мкм) дейін, су жиынтығының мөлш. 0,05 – 0,1 г/м3-ден аспайды.
Физикалық генезис бойынша тұман суыну тұманы және булану тұманы; пайда болуының синоптиктик жағдайына қарай: массаішілікжәне шептік тұман болып ажыратылады. Суыну тұманы өз кезегінде жер бетінің радиациялық сууы нәтижесінде пайда болатын радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның құрлық немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвективті тұман болып бөлінеді. Тұман көлік қатынасына үлкен бөгет жасайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында, химиялық өндірісте, жылу техникасында, әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.
Тұман туралы не білесідер?