Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Фонетика. Дыбыс үндестігі
|
Мектеп: №25 ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Туресаева Асемгул Болатовна
|
Сынып: 5
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Балаға ат қою»
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
|
(Т/А1) 5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.
|
Сабақтың мақсаттары
|
1. тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжайды.
|
2. иллюстрациялар арқылы тыңдалған мәтіндегі өзекті мәселені анықтап, ойларын ортаға салады.
|
3. тыңдалған мәтінге өзіндік көзқарасын білдіріп, пікірлерін дәлелмен тұжырымдайды.
|
Бағалау критерийлері
|
-тыңдалған мәтіннен тірек сөздерді анықтайды;
-тақырыпты берілген иллюстрациялар мен тірек сөздер арқылы болжайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: тақырыпты тірек сөздер мен суреттер арқылы болжай алады.
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: жоғары идеялы есімдер, қолайсыз есімдер, әдемі аттар, тәуелді ат.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қожаны қандай ой мазалады?
балаға қандай ат қойған дұрыс?
ат қоюдың маңыздылығы неде?
|
Құндылықтарға баулу
|
Құрмет, ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм немесе азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, ашықтық, зайырлы қоғам және руханият, жалпыға бірдей еңбек қоғамы.
|
Пəнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті, тарих, өзін-өзі тану.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
«Ат қою рәсімі» туралы біледі.
Фонетика туралы түсінігі бар.
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ширату
«Менің есімімнің тарихы» әдісі бойынша оқушылар шеңберге тұрып, есімінің тарихы , кім және қашан қандай жағдайда қойғаны туралы қысқаша айтады. Абай, Мұхтар, Ыбырай сынды ұлы жазушылардың есімдері жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бөлініп отырады.
Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.
|
Қима қағаздар
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Т/А алдындағы тапсырма
1-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісі С
Интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты суреттер
көрсетіледі.
Дескриптор:
Сурет арқылы тақырыпқа болжам жасайды.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі
Саралау жұмысы: «Сұрақтар қоржыны» әдісі арқылы жетекші сұрақтар қойылады.
Берілген суреттерге қатысты ортақ тақырып қандай?
Суреттер салт-дәстүрдің қандай түріне жатады?
Т/А кезіндегі тапсырма
2-тапсырма. «Борт журналы» әдісі. ЖЖ
Аудиомәтінді тыңдап, танысқаннан кейін тірек сөздер мен бейтаныс сөздерді есте сақтай отырып жазады. Өз ойларын ортаға салады. Жұпта талқылайды.
Дескриптор:
- тыңдалған мәтіннен тірек сөздер мен бейтаныс сөздерді табады;
- анықталған өзекті мәселе туралы ойларын ортаға салады.
ҚБ. «Қанатты белгілер» әдісі
Саралау жұмысы: «толықтыр» топшамасы.
Берілген сөздерді толықтырып тізбектейді.
3-тапсырма. «АВС» әдісі ТЖ
Тыңдалған мәтін бойынша А-сұрақ қояды, В-жауап береді, С-айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Топта талқылайды. Тақырыпқа сай топтар бір-біріне ұсыныс айтады.
Дескриптор:
тыңдалған мәтінді толықтырады;
топта талқылайды, ұсыныс білдіреді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |