«Түс таңдау» әдісі арқылы әр топ зат есімдерге байланысты берілген тақырыптарды таңдап айтады.
Сары түс – Зат есімнің анықтамасы, тұлғалық, мағыналық түрлері
Қызыл түс – Зат есімнің жұрнақтары
Көк түс – Зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Зат есім
Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Зат есім тұлғасына қарай:
а) Негізгі зат есім
Мысалы: тау, тас, орман.
ә) Туынды зат есім
Мысалы: достық, адамгершілік.
Зат есім құрамына қарай:
а) Дара зат есім
Мысалы: өнерпаз, арбекеш, кітап.
ә) Күрделі зат есім
Мысалы: достық, адамгершілік.
Зат есім мағынасына қарай:
а) Деректі (нақтылы)зат есім
Мысалы: терезе, тақта, бор.
ә) Дерексіз (абстрактылы)зат есім
Мысалы: айла, ақыл, дау.
Жалпылай немесе жекелей атауына қарай:
а) Жалқы есім
Мысалы: Айнұр, Қарағанды, Алматы
ә) Жалпы есім
Мысалы: еден, бор, гүл
Зат есімнің жұрнақтары үшке жіктеледі:
Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар
Етістіктерден зат есім жасайтын жұрнақтар
Достарыңызбен бөлісу: |