Сабақтың тақырыбы



бет6/11
Дата31.12.2021
өлшемі93 Kb.
#22144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қолдану кезеңі – Мәтінмен жұмыс жасау, сұрақтарға жауап беру,

  • Талдау кезеңі –

    а) Оқулықтан жаттығу жұмысын орындау;

    ә) Сатылай комплексті талдау жасау.



    1. Жинақтау кезеңі -

    а) Дискуссиялық картаға жауап беру.

    ә) Тест тапсырмасын белгілеп шығу.



    1. Бағалау кезеңі - «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау парағы» арқылы бағаланады.


    Оқушы іс-әрекеті

    Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;

    Сабақ барысын, орындалатын жұмыстар реттілігін біледі.
    Күтілетін нәтиже

    Айтылым әрекеті жүзеге асады.
    ІІІ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер

    І БІЛУ КЕЗЕҢІ

    Әр топ топтастыру әдісі арқылы «Зат есім» туралы білетінін еске түсіріп жазады.




    ІІ ТҮСІНУ КЕЗЕҢІ
    Зат есімдер туралы ғалымдар пікірі


    А. Байтұрсынов

    Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды, осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. Сұрақтары: кім? не?

    А. Ысқақ


    Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кезедесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, үғымдар мен түсініктерді қамтиды.

    Н. Оралбай

    Зат есім – жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен түрленетін сөз табы.

    С. Исаев

    Зат есім – семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты) және адамнан басқа затқа байланысты не? деген сұрақтарға жауап береді.

    Ш. Бектұров

    Сөйлемде кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағынада жұмсалатын сөздерді зат есім дейміз.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет