Сабақтың тақырыбы: Заң адам құқығы мен бостандығының кепілі Бөлім



бет26/111
Дата16.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#115678
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111
Сабақтың тақырыбы: Адам бостандығы

Бөлім:

4-бөлім. Заң- қоғамның тірегі. Айбатыр Сейтақ «Азат елдің ар-намысы- Ата заң»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам бостандығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

9.4.5.1тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі,құрама атауларды дұрыс жазу.
9.2.1.1берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып,мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау; 9.2.4.1шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын»бағалау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып,мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрай алады;
Көпшілік оқушылар үшін: тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жаза алады;
Кейбір оқушылар үшін: шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын»бағалай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.



(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.


Шеңбер бойынмен тұрған оқушыларға тапсырма:Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет. Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


3.Оқушыларды топтарға біріктіру.
Конфеттер арқылы 2 топқа бірігеді.Оқушыларға 2 түрлі конфет таратылады. Өздерінің қалаған конфетін алып топтасады.



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.




Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет