9.2.5.1сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану,диалогте,полилогте сенімді сөйлеу.
9.1.2.1тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолданады, диалогте,полилогте сенімді сөйлей біледі;
Көпшілік оқушылар үшін: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтай алады;
Кейбір оқушылар үшін: сыни пікірді дәлелмен айта алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.