|
|
бет | 3/108 | Дата | 02.03.2022 | өлшемі | 0,63 Mb. | | #26809 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: МІК әдістемелік өңдеу10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)
Атрофия — тіршілікте мүшенің, тіннің, жасушаның көлемі кішірейіп, қызметі нашарлайтын үдеріс.
Атрофияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар.
Физиологиялық атрофия өмір бойы, туғаннан әбден қартайғанға дейін байқалады. Мысалы, туғаннан кейін кіндіктік артерия мен артериялық (Боталл) өзек семіп, бітелсе, егде тартқандардың жыныстық бездері, қарттардың сүйектері мен омыртқааралық шеміршектері, т.б. семеді.
Патологиялъщ атрофия түрлі себептерден дамиды. Олардың ішінде жеткіліксіз тамақтану, қан- және лимфаайналымының, ішкі секреция бездері мен орталық және шеткі жүйкелік жүйелердің қызметі бұзылуының, уланудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|