10. Жаңа сабақты түсіндіру: 26 мин (31%)
Гипертрофия (грекше hyper—артық; trophe-- қоректену) деп ағза, тін жасуша қызметіне талап күшейгенде оның көлемінің шамадан тыс үлкеюін атайды. Ол жасушалар санының немесе жасушаішілік құрылымдар санының кобеюінің нәтижесінде дамиды. Осыған байланысты әр бір жасуша көлемі, кейін жалпы ағза көлемі гипертрофияланады. Ағза гипертрофиясына гиперплазия үрдісінің тікелей қатысы бар.
Гипертрофияны физиологиялық және патологирялық түрлерге бөлуге болады.
Дене шынықтырумен шұғылданатын адамдарда, әсіресе спортшылырда кездесетін бұлшықет гипертрофиясын, физиологиялық гипертрофияның мысал есебіне келтіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |