Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
|
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Есептерді шығару.
Массасы 8 г кальций жанғанда 127 кДж жылу бөлінді. Термохимиялық реакция теңдеуін жаз.
Массасы 8,68 г сынап (ІІ) оксидін ыдырату үшін 3,64 кДж жылу жұмсалды. Термохимиялық реакция теңдеуін жаз.
3.Егер 1 моль теллур оксиді түзілгенде 322 кДж жылу бөлінсе, массасы 1,92 г теллур жанғанда қанша жылу бөлінеді?
4. Термохимиялық теңдеу 2KNO3=2KNO2 + O2 – 255 кДж бойынша 12 г оттегі алғанда қанша жылу сіңіріледі?
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|