бет 271/361 Дата 19.01.2023 өлшемі 26,72 Mb. #61994 түрі Сабақ
Байланысты:
10 сынып ҚМЖ новый формат (1) Бөлім
Педагогтың аты-жөні
Күні
Сынып
Қатысушылар саны
Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы
Шекара күзетін күшейту шаралары
БЖБ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.5.1.12 Қазақстан Республикасының шекараларын күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Сабақтың мақсаты
Мемлекттік шекараны күзету жағдайымен тансу
Бағалау критерииі
Қазақстан Республикасының шекараларын күшейту жөнінде ұсыныстармен танысады
Сабақтың кезеңі/ уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
«Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, көңіл- күй сұрау, түгендеу.
«Пазл» әдісі арқылы 2 топқа бөлу. Оқушылар сандықшадан кезекпен қиынды қағаз бойынша суреттерді құрастыра отырып, топтағы физикалық карталар және оның Қазақстандағы орындарын анықтайды.
«Миға шабуыл» әдісімен жаңа сабақтың тақырыбын ашуға түрткі болатын сұрақтар қойылады.
Қазақстанның географиялық орнын сипатта. — Сағаттық белдеулер дегеніміз не?
Уақыт айрмасы қалай анықталады? —
Меридианы туралы не білесің? —
Сұрақтарға жауап ала отырып , жаңа тақырып пен оқу мақсатын ашамыз.
Ой толғау : Көрсетілген фото суреттер арқылы ой толғау
(География пәнінің зерттеу нысанын айқындауға жол көрсететін суреттерді көреді, жалпы тақырып жайлы ой қалыптасады)Тақырыпқа ену үшін «Блиц-сұрақ» әдісі » шабуыл әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді: -
Оқушы өз жұбын табады
Әдіс арқылы қайталау
Сұрақ жауап орындайды
Қол шапалақ
дидактикалық материалдар.
Интерактивті тақ
Ортасы
Шекара әскерлерінің дайындығы бұл жұмыстың нәтижелілігінің ең басты шарты деп айтуға болады. Бүгінгі таңда біз оңтүстік және оңтүстік-батыс стратегиялық бағыттарының жұмысын жетілдіру, осы бағыт әскерлерінің дайындығын шыңдай түсу тұрғысында кешенді шаралар жүргізудеміз. Соңғы кездегі шекара тәртібін бұзу оқиғалары заңсыз миграциямен тығыз байланысты болып отыр. Біз ҰҚШҰ-ға мүше елдердің аумағына үшінші елдің азаматтары тарапынан заңсыз миграцияны болдырмас үшін жыл сайын жасалатын «Нелегал» жедел профилактикалық бірлескен шараларына қатысамыз. Сондай-ақ, ТМД аумағына Ауғанстан жерінен террорлық топтар, қару-жарақ, есірткі заттарының өтуі мен заңсыз миграцияға жол бермеу үшін бірлескен шекаралық арнаулы операцияларға қатысып отырамыз. Мәселен, нақ осы күндері шекарашыларымыз «Көкнәр-2017» профилактикалық шараларына қатысуда.
Шекара құрылымдарының кәсіби деңгейінің артуына қатты көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен үстіміздегі жылы олардың әскери дайындығын арттыру шаралары белгіленген. Соның ішінде биыл шекарашыларымыз командалық-штабтық 4 әскери ойынға, сондай-ақ, штабтық және Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бөлімдерімен бірлескен жаттығуларға қатысты. Мұндай шаралар тұрақты өткізіліп тұрады, шекарашылардың кәсіби дайындығын үнемі жетілдіріп отыруды алдымызға басты міндет етіп қойғанбыз. Барлық құрылымдарымыз бойынша айтқанда биыл 4600 шекарашы қатыстырылған 240 дайындық шаралары өткізілді. 320 шекарашы білім мен кәсіби шеберлікті жетілдіру курстарынан өтті.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша оперативтік жағдай күрделене түсуде. Соған орай шекара күзетінің әскери қызметтік дайындығы да үнемі арттырылу үстінде. Жаңа қатерлердің алдын алу мақсатымен осы бағыттағы құқықтық құжаттар да жетілдіріліп , шекара қызметінің жетілдіріле түсуіне заңнамалық негіз қаланды. Соның арқасында қосымша штаттық бірліктер енгізіліп, кадрлармен қамтамасыз етудің бірінші кезектегі проблемалары шешілді. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасымен арадағы шекараның өткізу бекеттері қайта құрылды. Оңтүстік және оңтүстік-батыс бағытындағы заставалардағы жауынгерлер саны талап етілетін деңгейге жеткізілді. Сондай-ақ, әскери резервтер деп аталатын қосымша бөлімшелер құрылды. Өткізу бекеттері де қосымша күштермен толықты. Әскери тәртіпті күшейту шаралары да үнемі назарда болып, соның арқасында жауынгерлер арасындағы құқық бұзушылықтар мен түрлі жарақат алулар азайды. Әскерді қару-жарақпен, техникалармен және ізшіл иттермен қамтамасыз ету арттырылып, материалдық қамтамасыз етудің басқа да өзекті мәселелері шешілді. Сондай-ақ, техникалық бақылау бекеттеріне стационарлық радиолокациялық стансалар қайтадан орнатылды. Олар бұрынғы ескі емес, бәрі де жаңартылған техникалар. Көптеген заставаларға арнайы РЛС құрылғысы , дабыл кешендері мен бақылау құралдары бар кешендер орнатылды.
– Шетелдік шекара қызметтерімен ынтымақтастық мәселелері қалай шешілуде?
– Шекара қызметі алдымен Қазақстан Республикасының, сосын ынтымақтастық келісімдеріне сәйкес ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді ғой. Міне, биыл мемлекет басшыларының шешімімен құрылған ТМД елдері Шекара қызметі басшылары кеңесіне 25 жыл толды. Осы жылдар ішінде ынтымақтастық шарттары мүлтіксіз орындалып, шекараларды бірлесе қорғау шаралары жоспар бойынша жүргізіліп келеді. Шекара әскерлері командашыларының кеңесі өзара тәжірибе алмасып, ортақ тәуекелдерді бағалау мен оларға қарсы әрекеттерді жоспарлау істерін жүргізуге тиімді алаң болып отыр. Өзара мүдделерімізді тоғыстыратын тетіктерді әзірлеу ісі де осы ұйымның көмегімен жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық шекара қызметтерінің сыртқы қатерлерге қарсы күштерін біріктіруге, сондай-ақ, шекараларды күзету бойынша халықаралық келісімдерді қабылдауға , өзара жедел ақпараттармен алмасуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, әскери-техникалық саясат пен шекараға байланысты көптеген мәселелерді реттеу үшін ұйымның әрбір мүше мемлекеттерінде әріптестердің шекара ведомстволарының өкілдіктерін ашуға жағдай туғызылған. Осы ұйымдарға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары заңсыз миграцияға, есірткі трафигіне, тауар контрабандасына және т.б. қарсы шекаралық бірлескен операцияларды көптен бері жүргізіп келеді.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/156994-shekarashylar-otan-kuzetinde-shynhdalady
© egemen.kz
Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды
Жұп бойынша
Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
Достарыңызбен бөлісу: