Мұғалімнің аты-жөні:
|
Нижанова.Ш
|
Пән/Сынып:2Г
|
Дүниетану
|
Күні
|
12.10.21ж
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Өзім туралы
|
Сабақтың тақырыбы: №6
|
Адам еңбегі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін білу
|
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерін, олардың қайдан келетінін әңгімелей алады.
Көптеген оқушылар: тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, еңбектің түрлерін талдайды.
Кейбір оқушылар: адамға еңбектің қажеттілігін дәлелдеп, қорытынды жасайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3минут
|
Басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: көңіл күйді көтеретін ән тыңдау.
Оқу материалын жариялау:
«Мюссенберг» әдісі.
Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
ралиащнадампывыыкеаннушәеңбегіжпгвпвущпдпщ
-Қандай сөз шықты?
-Еңбек деген не?
-Адам еңбегі туралы не айта аласың?
-Адамдар не үшін еңбек етеді?
- Өзің қандай еңбек етесің?
- Ендеше бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз қандай болады?
|
Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Адам еңбегі)
|
Мадақтау
|
|
35
минут
|
Ортасы
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
Мақалда не туралы айтылған?
Еңбек етсең ерінбей, ояды қарның тіленбей.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
-Сенің дастарханыңа ас қалай келеді?
-Базарға азық-түлік қайдан келеді?
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
-Өзіңнің отбасында жасайтын еңбегің туралы әңгімеле.
Сергіту сәті:
Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
(Д) 2- тапсырма «Ашық микрофон» әдісі арқылы жүзеге асады.
Суреттерге қара.
-«Еңбек түбі зейнет» мақалын қалай түсінесің?
Сұраққа жауап бер:
-Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қалай жасайды?
- Балалар мектепте білім алып, қандайеңбектің түрімен шұғылданады?
- Тағы қандай еңбектің түрлерін атауға болады?
- Мектептен алған білімдеріңнің болашақта қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
- Адамға еңбектің қажеттілігін дәлелдеп, қорытынды жаса.
|
Еңбек, азық-түліктің шығу тегі туралы туралы әңгімелейді.
Дескриптор:
-Еңбек, азық-түліктің шығу тегі туралы әңгімелейді.
Өлеңді дауыстап айтып, сергіту жаттығуларын жасайды.
Оқушы мақалды түсіндіріп, сұрақтарға жауап береді.
|