Мұғалімнің аты-жөні:
|
Нижанова.ш
|
Пән/Сынып:2г
|
Дүниетану
|
Күні
|
03.09.21ж
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Өзім туралы
|
Сабақтың тақырыбы:№1
|
Менің отбасым
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ
әдеп нормаларын анықтау
|
Оқу мақсаты:
|
Барлық оқушылар: жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтап әңгімелей алады.
Көптеген оқушылар: жалпыға ортақ әдеп нормаларын талдайды.
Кейбір оқушылар: жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтап қорытынды жасайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
3минут
|
Басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
«Мюссемберг» әдісі.
Көп әріптер арасынансөзді тауып, тақырыпты аш.
првпваншлрменіңрвапгалроодщлотбасымждаггнащрртсспаопшкзылр
Оқу материалын жариялау: «Миға шабуыл» әдісі.
-Қандай сөз шықты?
-Отбасы дегенді қалай түсінесің?
– Өзіңнің отбасың туралы не айта аласың?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады?
|
Сөзді тауып, тақырыпты ашады. (Менің отбасым)
Оқушылар сабақ тақырыбы мен, мақсатымен танысады.
|
Мадақтау
|
|
35
минут
|
Ортасы
|
(Ұ) 1- тапсырма «Түйінді сәттер» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Мәтінді түсініп оқы.
Ә) Суретте берілген отбасы мүшелерін айтып бер.
Б) Мақалды оқып мағынасын түсіндір: «Отан отбасынан басталады».
В) Сұраққа жауап бер:
-Суреттегі екі отбасы туралы не айта аласың?
- Бұл отбасыларда жалпыға ортақ қандай әдеп нормалары қалыптасқан?
Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
- Жалпыға ортақ әдеп нормаларын ата. Олар не үшін керек?
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті
Біз бір үйде нешеуміз?
Кел санайық ,екеуміз.
Бас бармағым - атам,
Балан үйрек-апам.
Ортан терек –әкем,
Шылдыр шүмек анам.
Кішкентай бөбек - мен.
Біз бір үйде нешеуміз?
Біз бұл үйде бесеуміз.
(Д) 2- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
Өз отбасың туралы әңгімеле.
«Қамқорлық», «қамқор болу» дегенді қалай түсінесің?
-Өз отбасыңдағы қамқорлық туралы әңгімелеп бер.
|
Оқушы мәтінді түсініп оқиды.
Суретте берілген отбасы мүшелерін айтып береді.
Мақалды оқып мағынасын түсіндіреді
Сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:
-Мәтінді түсініп оқиды.
-Отбасы мүшелерін айтып береді.
-Мақалдың мағынасын түсіндіреді
-Сұрақтарға жауап береді.
Оқушы өз отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді.
Дескриптор:
-Отбасы, қамқорлық туралы әңгімелейді.
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
- Отбасы туралы мақал-мәтел жаз.
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
|
2минут
|
Кері байланыс
|
Кері байланыс: «Бағалау ағашы»
Жасыл алма-бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды;
Қызыл алма-бүгін сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды;
Сары алма-бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.
|
Оқушылар себеттегі алма түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілген бағалау ағашына жапсыру арқылы, сабақ бойынша ойларын қорытады
|
|
|