Сабақты талдау үлгісі №48 мектеп-лицей директоры З. Ж. Садықова


Сабақ талдауының психологиялық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады



бет3/5
Дата03.12.2022
өлшемі19,66 Kb.
#54521
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақты талдау үлгісі

Сабақ талдауының психологиялық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:

  • оқушылардың назарын басқару;

  • Мнемоникалық ерекшеліктерді дамытуды басқару;

  • ойлауды дамыту және жүзеге асыру заңдылығын есепке алу.

Сабақ талдауының әдістеме аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:

  • сабақтың негізгі білім беру мақсаты;

  • сабақтың әдістеме қисыны;

  • әр түрлі білім беру тәсілдерін қолдану;

  • әр түрлі әдістеме жолдарын қолдану;

  • білім беруді ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану.

Сабақ талдауының гигиеналық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:

  • сынып оқушыларының мінездемесі;

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;

  • санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;

  • оқушылардың шаршауын және қажуын алдын-алу;

  • кәсіби қызметте мұғалім өзін-өзі басқару жолдарын қолдануы

Сабақты талдау мақсаттары:

  • Білім беру сапасын, оқушылардың білім, біліктік және дағды сапасын бақылау.

  • Оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын бақылау.

  • Педагогтарға нұсқау өткізу.

  • Жоғарғы педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету.

  • Мұғалімнің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себебін анықтау, жұмыста кемшіліктерді жеңу.

  • Мұғалімнің жұмыс жүйесін анықтау.

Сабаққа қатысу жүйесі:

  • Осы сыныпта белгілеген тақырып бойынша бүкіл сабақтарға қатысу.

  • Бір күн ішінде осы мұғалімнің әр түрлі сыныптарда өтетін сабақтарына қатысу.

  • Бір күн ішінде бір белгіленген сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің сабақтарына қатысу.

  • Бір апта ішінде бір белгіленген сыныптың сабақтарына қатысу.

  • Әр түрлі мұғалімдердің сабақтарына қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет