Сабақты талдау үлгісі №48 мектеп-лицей директоры З. Ж. Садықова


Сабақтарды бақылау бағдарламасы



бет4/5
Дата03.12.2022
өлшемі19,66 Kb.
#54521
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақты талдау үлгісі

Сабақтарды бақылау бағдарламасы:
I тип. Үйрену (зерделеу) және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және жаңа білім мен қызмет тәсілдерін алғашқы есте сақтауларын ұйымдастыру.
II тип. Жаңа білім мен қызмет тәсілдерін бекіту сабағы.
Мақсаты: оқушының білімін және қызмет тәсілдерін бекітуді қамтамасыз ету.
III тип. Білім мен қызмет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы
Мақсаты: оқушылар кешенді білімдері мен қызмет тәсілдерін өз беттерімен қолдануларына мазмұнды және ұйымдастырылған жағдай жасау.
IV тип. Білім мен қызмет тәсілдерін жинақтау және жүйелеу сабағы.
Мақсат: оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін жинақтауды ұйымдастыру.
V тип. Білім мен қызмет тәсілдерін тексеру, бағалау, өңдеу сабағы.
Мақсаты: оқушылардың білім мен қызмет тәсілдерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыру; оқушыларды өз білім мен қызмет тәсілдерін өңдеуін ұйымдастыру;
Сабақтың жалпы педагогикалық талдауын жасау үлгісі

  1. Осы сабақтың бір тақырыпты басқа сабақтардың жүйесіндегі орны; сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;

  2. Сабақты ұйымдастыру:

а) сабақтың типі;
ә) сабақтың құрымы, оның бөлек элементтері, оның жүйелігі және уақытты мөлшерлеу; сабақтың құрастырылуы оның мазмұны мен мақсатының сәйкестігі;
б) сынып оқушыларының сабаққа дайын болуы;
в) сабақ бойы оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру; сабақта жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды үйлестіру;
г) сабақтың тығыздығы; уақытты ұтымды қолдану.

  1. Сабақтың мазмұны:

а) материалдың ғылымилығы;
ә) оқушылардың әр түрлі әрекет түрлері мен сабақтың кезеңдерінде материалдарды дұрыс қолдану;
б) сабақ мазмұны мұғалім жұмыс істейтін бағдарлама талаптарына сәйкес болуы;
в) сабақтың тәрбие бағыттылығы;
г) теорияны тәжірибемен байланыстыру; мұғалім теорияның тәжірибелік қажеттілігін ашу; оқушыларды алған білімін практикада (тәжірибеде) қолдануды үйрету;
д) жаңа оқып жатқан материалды алдында өткенмен байланыстыру; өткенді қайталау жолдары;
е) пәнаралық байланыс;
ж) мұғалімнің тілі: сауаттылығы, сезімділігі, тіл байлығы;
з) оқушының білім, біліктілік және дағды сапасы;
и) оқушылар тілі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет