Сабақты талдау үлгісі №48 мектеп-лицей директоры З. Ж. Садықова



бет2/5
Дата03.12.2022
өлшемі19,66 Kb.
#54521
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақты талдау үлгісі

Қысқа (бағалау) талдау – ол сабақтың білім, біліктік және дағды мақсаттарын шешетін оқу-тәрбие функциясының жалпы бағасы.
Құрылымдық (поэтапный) талдау – сабақтың үстем құрымын (элементтерін) табу және бағалау, оқушылардың танырлық қабілеттерін дамытуға қамтамасыз ететін мақсатқа лайықтылығы.
Жүйелі талдау – негізгі дидактикалық мақсаттарды шешу және бір мезетте сабақтың даму мақсаттарын шешу көзқарастан сабаққа бірыңғай жүйеге ретінде қарау.
Толық талдау – сабақ мақсаттарын жүзеге асыруды бағалау, оқушының оқу қызметі түрлері мен мазмұнының сипаттамасы, ойлау қызметінің тәсілдері мен білімді қабылдау деңгейінің аспектті талдау жүйесі.
Құрылымдық-уақыттық талдау – сабақтың әр кезеңінде уақыт қолдануды бағалау.
Аралас талдау – бір мезгілде сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттары және құрылымдылық элементтерін бағалау.
Психологиялық талдау – сабаққа қойылған психологиялық талаптардың орындалуын (даму типті оқушылардың танырлығын қамтамасыз етуі) зерделеу.
Дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды (дидактика принциптерін жүзеге асыру; оқушыларды оқыту және білім беруде қолданатын әдістер мен тәсілдерді сұрыптау, сабаққа қажетті оқу материалдарының дидактикалық ықпал ету, оқушылардың өзіндік танырлық қызметінің педагогикалық басшылығы және т.б.) талдау.
Аспектті талдау – сабақты жан-жақты, егжей-тегжейін тәптіштеп талқылау.
Сабақтың аспектті талдау түрлері :

  • педагогикалық талдау;

  • психологиялық талдау;

  • әдістемелік талдау;

  • гигиеналық талдау.

Сабақ талдауының педагогикалық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады :

  • осы сабақтың басқа сабақтардың жүйесіндегі орны;

  • сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;

  • сабақты ұйымдастыру;

  • сабақ мазмұны;

  • сабақ өткізу әдістері;

  • сабақ үстіндегі байланыс;

  • оқушылардың сабақта жұмыс істеуі және тәртіптері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет