Өткізу бөлімі - су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды
Өткізу бөлімі - су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.
Тамыр бөлімдері
Тамыр оймақшасы
Тамыр бөлімдері.
Бөліну
Өсу
Сору
Өткізу
Тамырдың өсуі
Тамырлар ағаш түрлеріне байланысты жылдың әр мезгілінде әрқалай өседі. Көктемде тамыр қарқынды (жылдам) өссе, жапырақтар мен өркендер де тез өседі. Өсуі аяқталған кезде тамырлардың біраз бөлігі қурайды. Тамырлар қарқынды өсу кезінде қоректік заттар қоры мен суды бірқалыпты толық пайдаланады. Тамыр ұшынан өседі, себебі түзуші ұлпалардан тұратын өсу нүктесі бар. Оны дәлелдеу үшін қарапайым тәжірибе жасап көруге болады. Асбұршақ, үрмебұршақ, жүгері және т. б. тұқымдардың өскіндерін аламыз. Өскінді өсіру үшін жайпақ ыдыстың түбіне ағаш ұнтағы немесе мақта төсеп, ылғалдайды. Үстінетұқымдарды орналастырып, бетін әйнекпен жауып қою керек. Бір ап-тада, әрі кеткенде 10 күнде өскін тәжірибе жасауға дайын болады. Тамырына ең ұшынан бастап арақашықтығын бірдей етіп, қаламмен белгі салынады. Шағын ғана шыны ыдыс (150, 200 мл көлеміндегі құтылар өте ыңғайлы) алып, ішкі қабырғасына айнала сорғыш қағаз жапсырады. Қағаздың төменгі жағы суға батып тұратындай етіп, ыдыстың түбіне су құйылады. Мақтадан немесе шүберектен, ыдыстың аузына лайықты тығын жасалады. Тығынның ортасынан өскін сыятындай тесік қалдырылады. Өскінді тығындағы тесікке орналастырады. Тамыры ыдыстың ішінде. Өскінді суға тигізбеу керек. Өсімдік ылғалды сорғыш қағаз арқылы сіңіреді. 3-4 күн өткен соң, өскіннің тамырына салынған белгілердің арасы тамыр ұшынан алшақтайды. Жоғарылаған сайын өзгеріссіз қалғанын көруге болады.
Тамыр - өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі.
Өсімдіктерде қорек жасушаның қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар қозғалып, сабақта, тамырда, жемісінде және т. б. мүшелерінде сақталады. Оны өсімдіктер түнде жөне қыста пайдаланады. Қоректік заттарды ерітінді күйінде тамыры арқылы сорады. Керексіз заттар сыртқа шығарылмай вакуольде және қабықшасына жиналады. Күзде керексіз заттар, қабық, сарғайып түскен жапырақтармен бірге кетеді. Өсімдіктердің топырақтан қоректенуін минералды қоректену дейді.