Сабақтың түрлері. Сабақтың құрылысы, өсуі, қызметі Өсімдіктердің өсімді мүшелері

бет2/8
Дата06.03.2023
өлшемі0,79 Mb.
#72206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
вегетативті мүшелер

Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді.

Тамыр типтері.
  • Негізгі тамыр.
  • Жанама тамыр.
  • Қосалқы тамыр.
  • Сабақ

Тамыр жүйесі

Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады. Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді.

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы: асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа жөне т. б.). Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа қарағанда тез ұзарады. Себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура келеді.

Кіндік тамыр
Бақбақ

Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың бірі - тірек, екіншісі - өсу, үшіншісі - сору сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Ол сабақ сияқты ұшынан шектеусіз өсе береді.

Қоңырбас
Шашақ тамыр

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет