Сабақтың түрлері. Сабақтың құрылысы, өсуі, қызметі Өсімдіктердің өсімді мүшелері


Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді



бет6/8
Дата06.03.2023
өлшемі0,79 Mb.
#72206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
вегетативті мүшелер

Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.

Сабақтың түрлері Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді.

Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б. жатады.

  • Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте өлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын жөне топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).

желі
мұртша

Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.

  • Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.
  • Өрмелегіш сабақтар - мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды. Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ қызыл бояу (подмаренник цепкий) және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл әрі жіңішке, ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты өсімдіктерді лианалар дейді.

Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.).


Шырмалғыш
Өрмелегіш

Сабақтың ішкі кұрылысы

Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз. Ішкі құрылысы 4 қабаттан түрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.

1. Қабық - сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық - өң, тоз, тін қабатынан тұрады. Өң - түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Өң ішке күн сәулесін өткізеді. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар өркендердің сыртынан бұртиып айқын білінеді. Тоз ішке оттегін өткізеді. Тоздың ішкі жағында қабыққа беріктік (мықтылық) қасиет беретін тін қабаты орналасқан. Кендір, зығыр, мақта өсімдіктерінде қабықтың тін талшықтары жақсы дамыған. Тін талшықтарынан өндірісте түрлі маталар, бұйымдар тоқылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет