Сіздің Сабақты зерттеу тобының құрамына кімдерден тұрады? Бұл зерттеудегі сіздің роліңіз қандай?
Сабақты зерттеуге қандай проблема немесе қиындық түрткі болды?
Оқушыда қаншалықты ілгерілеу байқалды? (оқушыны бақыласаңыз) Бұл жеткілікті ме? Сыныптағы басқа оқушылар қалай? Бұндай көрсеткіштерді олардан да байқауға бола ма?
Әріптсетеріңізбен бірлесіп жоспарлаған қандай әдіс оқушылардың дамуына көмектесті немесе кедергі келтірді? (екуі де болуы мүмкін)
Сабақ кезінде сіз күтпеген қандай жағдаяттар орын алды?Сабақ кезіндегі күтпеген жағдайларда мұғалім қандай әрекеттер жасады/ қалай жауап берді?
Оқушылардың оқу дағдыларын жақсарту үшін, болашақта оқу әдісінің қандай аспектілерін түзетуге болады?
Келесі жолы қандай әдісті қолдануды жоспарлап отырсыз?
2. Lesson Study -ді өткізу бойынша рефлексивті есеп жазу алгоритмі 1. Зерттеу сабағы қандай проблемаға арналған?
2. Неге бұл сынып/пән/параллель? Зерттеу жүргізілген сыныптың қысқаша сипаттамасы
3. А, В, С деңгейлі оқушылардың қысқаша мінездемесі
4. Lesson Study аяқталған соң, А,В,С деңгейлі оқушылардың күтілетін нәтижелерінің нақты әрі қысқаша сипаттамасы.
5. Осы нәтижелерге қол жеткізу үшін әр сабақта не жоспарланды (әдістемелер, тәсілдер, стратегиялар және т.б)?
6. Оқушылар мұғалімнің ұсынған әрекеттеріне қалай жауап берді?Әр сабақта берген жауаптар мен жетістіктердің күтілетін нәтижелерге сәйкестік дәрежесі қандай болды?
7. Сабақ өткізуде қандай қиындықтар болды?
8. Зерттеу аясында өткізілген сабақтар сізге не берді? Оқушыларға?