1-КҮН САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ. ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫН АНЫҚТАУ.
КОМАНДАДА САБАҚТЫ БІРЛЕСІП ЖОСПАРЛАУ
Сіз Lesson Study немесе Сабақты зерттеу туралы не білесіз, не естідіңіз?
Lesson Study тәсілі қандай мақсатта қолданылады?
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ҮДЕРІСІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ 1-кесте.Сабақты зерттеу үдерісінің бір циклінің кезеңдері (Lewis,Hurd,2011).
1.Сабақты зерттеу тобын құру (бір немесе екі кездесу)
Сабақты зерттеу тобына мүшелерді тарту.
Сабақты зерттеу туралы ортақ пікір қалыптастыру.
Жоғары сапалы кәсіби білім туралы ойларымен бөлісіп,топ ережесін жасауда соларға сүйену.
Топ нормаларын белгілеу.
Нақты мерзім белгілеп, кездесу кестесін жасау.
2.Топ қарастыратын мәселені анықтау (бір немесе екі кездесу)
Мұғалімнің оқушыларға қатысты әзірлеген ұзақ мерзімді жоспарында қамтылғанзерттеу тақырыбын (басты мақсат) келісу. Егер зерттеу жүргізуші маманның міндеті мектепішілік шараларды қамтитын болса,зерттеу тақырыбы ретінде жалпы мектептік мәселені белгілеген дұрыс.
Пәндік саланы таңдау (мысалы, жаратылыстану пәндері, әлеуметтік ғылымдар); егер бұл алдын ала белгіленбеген болса.
Бақыланатын сабақтың нақты тақырыбы мен бөлімін анықтауды бастау.
3.Тақырыпты зерделеу және зерттеу сабағын жоспарлау (3-тен 8-ге дейін кездесу)
Зерттеу сабағы үшін таңдап алынған тақырыпқа қатысты оқу бағдарламасын, бұғандейінөткізілгенсабақтармензерттеулердізерделеу,мүмкінболса,осысаладатәжірибелі адамдардан кеңес алу. Егер сізге оқушының ойлау үдерісі туралы қосымшаақпарат қажет болса, ондай ақпаратты жинау үшін зерттеу сабағының алдында «лассабақ» өткізе алады («лас сабақ» дегеніміз арнайы жоспарланбаған сабақ).
Зерттеу сабағын жоспарлау,сабақпен тақырып бойынша белгіленген нақты
Жоспармен қатар,ұзақ мерзімді жоспардың қамтылуын назарда ұстау қажет.
Егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жазу. Сабақ жоспары оқушылардың ойлау үдерісін болжауға, дерек жинауға көмектеседі, сабақтың неліктен дәл осылай құрылымдалып жоспарланғанын негіздеуге және туындаған сұрақтарыңыз бен байқаған/аңғарған мәселелеріңізді жазып алуға мүмкіндік береді.
Сабақ жоспарының бір бөлігі ретінде қандай дерек жиналуы керектігі көрсетілетін
дерек жинау жоспарын әзірлеңіз.
4.Зерттеу сабағын өткізу және талқылау(бір сабақ,сабақ өткен күнін емес екөп кешіктірмей кездесу өткізу; сабақ тағы бір рет өткізілген болса, талқылауды қайталау)
Жоспарланған деректерді жинау.
Құрылымдалған күн тәртібіне сәйкес сабақтан кейінгі талқы өткізіледі.Бұл кездесуге үйлестіруші мен хатшы тағайындалады.
Пікірталас барысында зерттеу сабағында жиналған деректерге назар аударылады.
(Қаласаңыз,сабақты қай тақарап,топтың басқа мүшесіне қайта қаралған жоспармен басқа сыныпқа тағы бір сабақ өткізуге болады).
5.Рефлексия және алдағы қадамдарды жоспарлау(бір немесе екі кездесу)
Зерттеуден алған білімді бекіту: не үйрендің, не түйдің (пән мазмұнына, оқушыныңойлау үдерісіне, оқытуға қатысты және басқа да салаларда). Таныстырылым немесе жазбаша жұмыс ретінде жинақтап, түйіндеу.
Осы сабақты зерттеу үдерісін дененің тиімді болғанын және алдағы уақытта нені